Жаздық рапсты күтіп-баптаудың қорүнемдеуші технологиясы


Орталық туралы / Жобалар
Қысқаша сипаттамасы: «Clearfield» өсімдікті қорғайтын өндірістік жүйесінің жаздық рапсқа тиімділігін зерттеу барысында, бұл жүйені қолдану жаздық рапстан майлы дән өнімін алу көрсеткішін, күтіп-баптаудың дәстүрлі әдісі қолданылған жағдаймен салыстырғанда, 27 пайызға арттыратыны анықталған. Аталған дақыл егістігінің арамшөптермен ластану деңгейінің едәуір төмендейтіні анықталды.
Қолданылатын саласы, бәсекеге қабілеттілігі, патенті: қолданылатын саласы — ауыл шаруашылығы.

Бұл еңбек бойынша алынған патент: майлы дақылдарды күтіп-баптау әдісі.

Іс жүзінде қолдануға әзірлік деңгейі: 100 пайыз.

Техникалық-экономикалық көрсеткіштері:
жаздық рапсты «Clearfield» жүйесімен күтіп-баптау егістің көпжылдық және біржылдық арамшөптермен ластану мөлшерін азайтып, гербицидтерді пайдаланып, қосымша өңдеу жүргізуге кететін шығындарды қысқартады.

Жобаны табыстаудың шарттары мен әдістері, әріптестік жолдары: келісім негізінде.

Жобаның авторлары, мекен-жай, телефон, факс, электронды пошта:
Ю.А. Похоруков, А.Е. Сасыков. «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Научный ауылы, Бараев көшесі, 1. Тел-факс: (8-71631) 23-0-29, 23-0-32, e-mail:  info@baraev.kz.скачать dle 12.0
1 602 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх