KAZ | RUS | ENG

2018 жылы Ақмола облысындағы астықты жинау стратегиясы мен тактикасы

Дәнді, дәндібұршақты және майлы дақылдар өнімін жинау Қазақстан Республикасының агрокәсіпорындарының қаржылық жағдайын белгілі деңгейде анықтайтын ауыл шаруашылығы өндірісінің жауапты кезеңі.  Ауа райы жағдайын, ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің агротехнологиялары мен биологиялық ерекшеліктерін, олардың сорттық құрамын ескере отырып, орақ науқанын нақты ұйымдастыру ғана минималды шығындармен оңтайлы және қысқа мерзімде астық жинауға мүмкіндік береді.
2018 жылы Ақмола облысындағы орақ ауданы  4743,8 мың га құрайды, соның ішінде дәнді және дәндібұршақты дақылдар   4313,5 мың га. Оған қоса жаздық бидай негізгі азық-түлік дақылының ауданы 3697,9 мың га құрайды (дәнді және дәндібұршақты дақылдар ауданының 85,7%). Майлы дақылдар ауданы 258,4 мың га құрайды.

Биылғы жылдың көктемгі ауа райы жағдайы егіс науқанын өткізуде бірқатар қарбаластықты енгізді. Біріншіден дақылды себуге дейін топырақтағы пайдалы ылғалдың төмен қоры. Екіншіден жаңбыр мен қар түріндегі егіс кезіндегі жауын-шашын ылғал қорын айтарлықтай толықтырғанмен, төмен температурада арамшөптердің өсуі мен дақылдардың егіс мерзімдерін тежеді. Үшіншіден төмен температура болғандықтан қалыпты өскіндерді алу бойынша белгілі алаңдаушылық болды. Кеш келген көктемнің жағдайында егіс науқынының мерзімдері едәуір созылды, және көптеген шаруашылықтар егіс науқанын іс жүзінде маусымның ортасына қарай  аяқтай бастады. Себу мерзімдері кеш астық дақылдары аудандарының түрлі бағалаулары бойынша 20 дан 40% дейін құрайды. Алайда соңында барлығы ойдағыдай аяқталды – ылғал жеткілікті, өскіндер жақсы алынды және ластанушылық көбінесе қадағаланып отырды. Астықтың ендігі тағдыры көбінесе ауа райы жағдайына және оны қорғау бойынша шаруашылықтардың жедел шешімдеріне байланысты болады.

Жаздық бидай, жаздық арпа, сұлы, асбұршақ, жасымық, майлы зығыр, жаздық рапс, күнбағыс, тары, қарақұмық пен жүгері егістіктерінің жалпы алғанда облыстағы жағдайын жақсы деп санауға болады. Осылайша осы санатқа облыс бойынша Ақкөл, Аршалы, Бұрабай, Егіндікөл, Жарқайын, Зеренді сияқты аудандардағы бидай егістіктерінің 82% және Целиноградтың барлық 100% жатқызуға болады. Ең жоғары егін биіктігі сүрі жер бойынша бидай егістіктерінде байқалады, аңыздық алғы дақылдардан  30-40см жоғары.  Бұрабай, Зеренді және Сандықтау аудандарында сүрі жер бойынша бидай биіктігі 120-150см құрайды. Аудандар бойынша өнімділіктің түрленуі 10-25 ц/га деңгейінде күтілуде.

Майлы дақылдардан егістіктердің көп бөлігін зығыр алып жатыр, оның егісінің 74% жақсы жағдайға ие, негізінен қанағаттанарлық жағдайға Астрахан, Бұланды және Қорғалжын  аудандарындағы ғана зығыр егістері ие. Рапс егістіктерінің  86% жақсы жағдайға ие. Тек Астрахан және Бұланды аудандарындағы рапс егістіктері ғана біршама нашар жағдайда. Егістік аудандарының құрылымындағы майлы дақылдардың көбірек үлесі Зеренді ауданында  — 61,697 мың га және Бұрабай ауданында — 43,267 мың га. Зығырдың болжамды өнімділігі түрліше – Шортанды, Астрахан және Қорғалжын аудандары бойынша  4-6ц/га, Бұрабай, Зеренді, Сандықтау және Целиноград аудандарында 10-12ц/га дейін.

Облыстағы рапс егістігінің 54376 гектарынан 86% жақсы жағдайда, Астрахан және Бұланды аудандарындағы барлық зығыр егістіктері қанағаттанарлық жағдайда екені белгіленді.   

Жүгері мен күнбағыс үшін вегетацияның бірінші кезеңінде жылу жетіспеді, алайда тамыз айындағы ыстық ауа райы, жауын-шашын мен топырақтағы ылғал қоры олардың белсенді өсуіне ықпал етті. Күнбағыс егістігі ауданының көп бөлігі Атбасар мен Есил аудандарында орналасқан - 9418 және 8671га. Қалған аудандарда  600 ден 2000гектарға дейін. Іс жүзінде күнбағыстың барлық егістері жақсы жағдайда және тамыз айының бірінші онкүндігінде гүлденудің соңы-дәнденудің басында даму фазасына ие болды.

Ақмола облысының аса ылғал бөлігінде – Сандықтау, Щучинск, Зеренді аудандарында, Бұланды ауданының солтүстік бөлігі мен Еңбекшілдер ауданының солтүстік-шығыс бөлігінде астық дақылдарының да, басқа да дақылдардың да егістіктерінің біршама кешігуі белгіленді. Мұнда бірінші кезекте бидайдың орташа кеш сорттардың егістерінің ауданын қысқарту және орташа пісіп жетілгіш сорттар үлесін 50-70% дейін арттыру сөз қозғау керек. Сондай-ақ осы аймақта фосфор тыңайтқыштарын енгізумен тұрақты айналысу керек, бұл жоғары өніммен қатар, жоғары сапалы дәнді алу кепілі.  

Егіс мерзімдерінің созылғандығынан, ылғалдану жағдайы, температуралық фактор мен аудандар бойынша өсімдіктердің дамуының негізгі фазаларының әркелкі басталуы дақылдардың пісіп жетілу мерзімдеріне де ықпал ететіні анық. Тамыздың екінші онкүндігіндегі температураның айтарлықтай төмендеуі мен мол жауын-шашын арамшөп өскен және пісіп жетілуі баяу бөліктердегі орақ үдерісін ғана емес, астық сапасының нашарлауын да елеулі қиындатуы мүмкін. Облыстың солтүстік аудандарында бидайдың пісіп жетілуі де ұзаққа созылады деп болжауға болады.

Астық жинау шамамен 2018 жылдың 18 -20 тамыз жағдайында өтеді. Егіс кезінде фосфор тыңайтқыштарын (аммофос) қолданылған немесе фосфорлық қорекпен жақсы қамтылған фондары бар шаруашылықтарда тыңайтылмағандарға қарағанда пісіп жетілу 6-8 күнге жылдамырақ жүреді және егістер қуатты әрі ауруға аз шалдыққан. Пісіп жетудің түрлі - орташа пісіп жетілгіш және орташа ерте пісіп жетілгіштер мамыр айының үшінші онкүндігінде себілген, астықтың жақсы өнімі күтілетін топтарының сорттары бар шаруашылықтар да айтарлықтай ерекшеленді.

Биыл 2017 жылы белең алған қоңыр және сабақ тот кеселінің жаздық бидайда ауқымды дамуы байқалмады. Негізгі мәселені септориоз тудырды, алайда фунгицидтерді дер кезінде қолдану бұл аурудың зияндылығын төмендетуге ықпал етті.

Дегенмен дақылдардың пісіп жетілуі себудің барлық мерзімдерінде мамыр және маусым айларындағы жылуды толық ала алмауына және себу мерзімдерінің кешіктірілуіне қарамастан, күрт артуда. Сондықтан 15-16 мамырға дейінгі егістер тамыз айының екінші онкүндігінің соңы-үшінші онкүндігінің басына дейін ораққа дайын болады, 20 мамырдан 25 мамырға дейінгі егістер тамыз айының үшінші онкүндігінің соңында,  25 мамырдан  31 мамыр аралығындағы егістер – қыркүйек айының бірінші онкүндігінде ораққа дайын болады.

Орақ тәсілін  - тікелей немесе жеке тәсілдерін таңдау әр жағдайда өсімдіктердің қалыңдығына, пісіп жетілуіне, ластануы мен басқа да факторларға байланысты жеке анықталады. Тікелей және жеке орақ тәсілдерін үйлестіру облыс шаруашылықтары егістіктерінің көп бөлігінде орақтың негізгі әдісі болады. Жеке  комбайнмен жинау тұқым танаптарында және жусан, қалуен және басқа да кеш арамшөптермен ластанған танаптарда қолдану керек.  

Жауын-шашынның кеш жаууынан жекелеген танаптарда шабан өркен қалыптасады және ластанушылық қаптап кетеді. Осындай жағдайда көпжылдық арамшөптермен ластанған және шабаны өркендері бар танаптарда кейін жекелеген орақ салдарынан өнімнің шығынын төмендететін, тікелей комбайнмен жинау үшін десиканттармен өңдеу жүргізген дұрыс. Тауарлық танаптарда бидайдың қамыртәрізді фазасында – балауыздық пісіп жетілуінің басында немесе майлы және дәндібұршақты дақылдар тұқымдарының 30-40 % күрең тартуы кезінде  құрамында глифосат бар десикация тиімді.  Мәдени дақылдардың десикациясынан басқа егіс алды химиялық өңдеумен (40-50% дейін) салыстырғанда көпжылдық арамшөп өсімдіктері  (85-95% дейін) аса тиімді жойылады. Десикация қыркүйек айының ортасына дейін жүргізілуі мүмкін, әрі қарай орташа тәуліктік температура төмендейді және өңдеу тиімділігі төмендейді. 
      
Танаптарға жүйелі бақылау, ал тамыз айының соңында өнімнің шығынсыз және дер кезінде технологиясын сауатты әрі дұрыс құрастыру үшін олардың ылғалмен қамтылуын анықтау қажет.   
 
Сүрлемге жүгеріні жинау мерзімдерін дұрыс анықтау жоғары сапалы сүрлем өндірісі үшін шешуші жағдай болып табылады. Сүрлемге жүгерінің пісіп жетілуі дәндегі крахмалдың жиналуы аяқталғанда, дәндегі құрғақ заттың құрамы 60% астам болғанда, собықтарында -  55% асқанда, жалпы өсімдік құрамында – 28-35% яғни балауызданып піскенде жетеді. Жүгері өсімдігінің қалыпты дамуы кезінде собықтарының үлесі 50% астам құрайды.  Жүгері үсікке аса сезімтал. Балауызданып пісу фазасында -4С дейінгі үсікке төзімді. Үсінген сүрлемге жүгеріні бес күн ішінде жинап алу керек, себебі плюс температуралардың басталуы кезінде өсімдіктер зең аурулармен және бактериялармен тез зақымданады, жапырақтары құрғап кетеді, өсімдіктер шіріп сына бастайды, бұл үлкен шығындарға әкеліп соғады.

Астықты ора отырып, астықтың болашағы жайлы да ұмытпаған жөн, сондықтан сүрі жер егістіктері мен аңыздық фоны бойынша қалыптасқан егін биіктігі кезінде егіннің нақты биіктігіне байланысты кесу биіктігін таңдау ұсынылады. Топырақ ылғалын сақтау үшін сабанды ұсату және шашу қажет.

Биыл іс жүзінде барлық жерде топырақты механикалық өңдеу үшін қолайлы жағдайлар қалыптасты. Барлық аудандарда арамшөп өсімдіктерін кесу мақсатында сүрі жерді екі және одан да жоғары өңдеу жүргізілді. Сүрі жер егісінің тиімділігін арттыру мақсатында тамыз және қыркүйек айларында оның өңделуін жүргізу қажет. Сүрі жерді соңғы, төртінші өңдеу 25-27см терең болуы тиіс.   

Қыркүйек жаңбырлары жауа бастаған жағдайда 3-4 жыл бойы күзгі өңдеу жүргізілмеген танаптарда күзгі сыдыра жыртып қопсытуды немесе 25-27 см саңылаулауды жүргізу керек.

Сондай-ақ минералды тыңайтқыштарды күзгі енгізу мәселесін де назардан тыс қалдыруға болмайды негізінен бұл азоттық қоректі толықтыруға қатысты. Селитраны сыдыра жырта өңдеу астына немесе өңдеусіз топырақ бетіне енгізеді. Кейінгі өңдеусіз беткейлік енгізу кезінде енгізу мерзімі +10градустан төмен тәуліктік температураға ауысу кезінде аса кешірек болуы керек. Сонымен қатар азот тыңайтқыштарын отырғызу тереңдігі 5-10см сепкіш-қопсытқыштармен де немесе егістік кешендерімен де  күзгі енгізілуі мүмкін. Тура осы тәсілмен мөлшерлері ауқымды фосфорлы және күрделі тыңайтқыштардың күзгі енгізілуі мүмкін.

Сондықтан барлық шаруашылықтардағы орақ және орақтан кейінгі жұмыстардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуы ғана жоғары өнімді мен жоғары сапалы дән алудың негізі бола алады.
К.Қ.АБДУЛЛАЕВ,
А.И.Бараев атындағы
АШҒӨО-ның директоры
скачать dle 12.0
235 -рет қаралды

Басқа да


Наверх Наверх