KAZ | RUS | ENG

РАЙХАН - жоңышқа

Сорт авторлары: Р.А. Жуковская, Э.В. Липатова, Л.Ф. Герлинская, Г.П. Герлинский, С.Г. Довгаль.
Жоңышқаның «өзгермелі» түріне, көкгибридтілер тобына жатады.Орташа мерзімде пісіп-жетіледі. Көктемде шыққаннан бастап алғашқы орымға дейінгі уақыт — 59 күн, ал тұқымның пісіп-жетілуіне 105 күн керек. Жапырақтану көрсеткіші — 56,5 пайыз. 1000 дана тұқымның салмағы — 2,1-2,2 г. Салқынға, құрғақшылыққа және өсімдіктерге тән ауруларға (аскохитоз, қоңыр дақтар, т.б.) төзімділігімен ерекшеленеді. Тұқым зиянкестерімен зақымдану жағдайлары өте аз — 10 пайыз шамасында — кезігеді.

Көк шөп пен тұқым жинауда мол өнім береді. Бір немесе екі рет орып алуға болады. Сорттың көк күйіндегі өнімділігі — 157, 2 ц/га, кептірілген күйінде — 55,3 ц/га, тұқым жинау бойынша 2,0 ц/га болды. Кептірілген шөп құрамында шикі протеин үлесі 17,8-19,5 пайыз болады.

Сорт 2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасының селекциялық жетістіктерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізіліп, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында өндіріске пайдалануға рұқсат берілген. Сорт патенттелген.
скачать dle 12.0
287 -рет қаралды

Басқа да


Наверх Наверх