"Бурабай" - жалпақмасақты еркекшөп


Ұсыныстар / Селекция
Сорт авторлары: Р.М. Абдрашитова, И.Н. Филиппова, Ж.А. Қасқарбаев, Н.М. Қашқынбаева.
Бұл — пішенге орып алуға да, шабындық ретінде пайдалануға да жарамды сорт.

Өсіп-өну уақытына келсек, пішенге орып алуға 65 күнде, ал тұқымдыққа 100 (84-110) күнде әзір болады. Алты жылдық тәжірибе уақытының қорытындылары бойынша, көк шөбінің орташа өнімділігі гектарына 91,3 центнерге дейін, кептірілген шөп күйінде — гектарына 25,7 центнерге дейін жетеді, тұқымдық өнімділігі гектарына 1,7 центнер  болады. Қарабалық 202 стандарты бойынша бұл көрсеткіштер тиісінше — 80,7; 23,1; 1,5 ц/га. Сорт өнімділігі жағынанаталған стандарттан көк күйінде — 13 пайыз, кептірілген күйінде — 11 пайыз, тұқым жинау бойынша 13 пайыз жоғары көрсеткішке ие.Сабағында жапырақтар тепе-теңдікпен орналасады, жапырақтың үлесі — 36,7 пайыз. 1000 дана тұқымның салмағы 2,0-2,7 г болады.

Кептірілген шөпте 10,2 пайыз шикі протеин, 25,89 пайыз шикі клетчатка болады. Қыстың салқыны мен құрғақшылыққа өте төзімді сорт.
Сорт 2015 жылы Қазақстан Республикасының селекциялық жетістіктерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізіліп, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында өндіріске пайдалануға рұқсат берілген. Сорт патенттелген.
скачать dle 12.0
2 450 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх