"Лиман" - қылтықсыз арпабас


Ұсыныстар / Селекция
Сорттың авторлары: Е.В. Колесникова, В.М. Габченко, К.Д. Постникова.
Ерте көктемде шығады, қысқы салқын мен құрғақшылыққа төзімділігімен ерекшеленеді, сонымен қатар су тасқынына да: су терең болған жағдайда — 10-12 күнге дейін, тайыз болған жағдайда — 43 күнге дейін шыдас береді. Өсіп-өну кезеңі көктемде шыға бастағаннан жинап алғанға дейін — 47-60 күн, тұқымы піскенге дейін — 79-95 күн. Шабындық әрі жайылымдық пайдалануға жарамды түр. Бір маусымда екі рет орып алуға болады.

Сорт құба зең, қара күйе, жапырақты зақымдайтын жұқпалы ауруларға төзімді келеді, көктемгі қосымша қорек ретіндегі азот тыңайтқыштарын (3 ц/га аммиак селитрасы) жақсы қабылдайды, тыңайтқышпен қоректендіру өнімді 1,5-2 есе арттырады.
Бірінші ораққа дейін шабындықтың биіктігі — 129 сантиметр, ал екінші жолы 110 сантиметрге дейін жетеді. Жапырақтың үлесі тиісінше 47 пайыз және 88 пайыз болады.

1997-2003 жылдар аралығындағы тәжірибелер кезінде сорттың өнімділік көрсеткіштері: көк шөп бойынша — 213,2 ц/га, кептірілген шөп бойынша — 80,7 ц/га, тұқым жинау бойынша 3,1 ц/га болды.

Кептірілген шөпте шикі протеиннің үлесі — 13,1 пайыз, клетчатка — 29,3 пайыз, май — 2,1 пайыз, күл 7,8 пайыз болады. Азықтық бірлік мөлшері — 0,67 кг/кг.

Сорт 1975 жылы республиканың селекциялық жетістіктерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізіліп, Ақмола облысында өндіріске пайдалануға рұқсат берілген. Сорт патенттелген.
скачать dle 12.0
2 368 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх