"Ақмолалық замартас" - қылтықсыз арпабас


Ұсыныстар / Селекция
Сорт авторлары:Н.И. Филиппова, Р.М. Абдрашитова, Е.И. Парсаев, Ж.А. Қасқарбаев, В.Г. Соловьева.
Орта мерзімде пісетін сорттар тобына жатады. Ерте көктемде қылтиып шығып, 10-12 см мөлшеріндегі көктемгі еріген су астында 10-12 күнге дейін шыдайды, бұл жағдайда өнімділігі төмендемейді.

Жазда 1-2 рет орып алуға жарайды. Өсіп-өну кезеңі орып алғанға дейін — 65 күн, тұқымы пісіп-жетілгенге дейін 102 күнді құрайды.
Көк шөп күйінде орташа өнімділігі — 150,0 ц/га,  кептірілген күйінде — 60,0 ц/га, тұқым жинау бойынша өнімділігі 2,5-3,2 ц/га болады. Жапырақтары  сабақта тепе-тең орналасады. 1000 дана тұқымның салмағы — 3,6-4,1 г. Сорттың қысқы салқын мен құрғақшылыққа төзімділік қабілеті жоғары, құба зең мен гельминтоспориазға төтеп береді.

Кептірілген шөптегі шикі протеиннің үлесі 12,2 пайызды құрап, кейбір жылдары 14,4 пайызға жетеді, шикі клетчатка 29,3 пайыз болады. Азықтық бірлік көрсеткіші — 0,71 кг/кг.

Қылтықсыз арпабастың Ақмолалық замартас сорты 2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасының селекциялық жетістіктерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізілген және Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында өндіріске пайдалануға рұқсат берілген. Сорт патенттелген.
скачать dle 12.0
1 593 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх