KAZ | RUS | ENG

АЛТЫНБАС - сары түйежоңышқа

Сорт авторлары:Е.И. Парсаев, Т.М.Коберницкая, Н.И. Филиппова, Г.В. Девяткина, Г.Н. Чуркина.
Сары түйежоңышқа түріне жатады. Орта мерзімде пісіп-жетілетін сорт. Көктемде қылтиып шыққаннан орып алуға дайын болғанға (гүлдей бастаған кез) дейінгі аралықтағы уақыт — 46-52 күн, тұқымы пісіп-жетілгенге дейінгі уақыт — 90-101 күн. Өсіп шыққаннан бастап орып алғанға дейінгі аралықтағы суыққа төзімділігімен, сондай-ақ, қысқы суыққа, ерте көктем мен жаз кезіндегі құрғақшылыққашыдамдылығымен ерекшеленеді.

Тағы бір сипаты — тұқымының ерте пісіп-жетілетіні. Бұтасы тік өседі, биіктігі ылғал мол болған жылдары — 82-120 см, құрғақшылық жылдары 52-69 см болады. Өсімдіктің алғашқы орымға дейінгі жапырақтануы — 47-57 пайыз, орташа жапырақтануы — 53,1 пайыз. 1000 дана тұқымның салмағы — 2,0-2,2 г.  

Мол өнім беретін сорт. Төрт жыл ішіндегі орташа көрсеткіштер бойынша: көк шөп күйіндегі өнім — 154,6 ц/га, пішен — 53,4 ц/га, тұқым жинау бойынша — 2,6 ц/га. Кептірілген шөпте шикі протеиннің үлесі — 15,5-20,0 пайыз, шикі клетчатка — 13,6-16,6 пайыз, сіңімді протеин — 11,3-14,3 пайыз, азықтықбірлік — 0,95-1,02 кг/кг болады.

Түйежоңышқаның Алтынбас сортының тұқымына нитрагин егу атмосфералық азот жинауды ұлғайтуға оң ықпалын тигізіп, 100 г топырақта 190,0 мг мөлшерінде, немесе жалпы азоттың 82 пайызы жинақталды.

Сорт 2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасының селекциялық жетістіктерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізілген және Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында өндіріске пайдалануға рұқсат берілген. Сорт патенттелген.
скачать dle 12.0
188 -рет қаралды

Басқа да


Наверх Наверх