"Кормовое 98" - жемазықтық тары


Ұсыныстар / Селекция
Сорт авторлары: В.И. Коберницкий, Л.А. Коробкина, В.А. Бартенбах, Э.Я. Струева, С.Г. Довгаль.
Сангвинеум түршесіне жатады. Әдетте биіктігі орташа болады — 80-100 сантиметр, ал ылғал мол болған жылдары 120-140 сантиметрге жетеді,оңайлықпен жапырылып, сына бермейді.Дәні қызыл, дөңгелек тәріздес, ірі. 1000 дана дәннің салмағы — 7,8-9,7 г, шашылып түсе бермейді.

Өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы — 70-83 күн. Құрғақшылыққа төзімділігі жоғары, ылғалдандыруды жақсы қабылдайды. Тозаң қара күйесіне әдетте төзімді келеді, ал жұқпалы аурулар белең алған жағдайларда сирек зардап шегеді. Көк күйінде де, кептірілген күйінде де мол өнім береді.

Байқау мақсатындағы сортсынағы кезінде көк күйіндегі өнім — 210 ц/га, пішен күйінде 62,3 ц/га болды. Ал өндірістік сынақта бұл көрсеткіштер тиісінше: 273,9 ц/га және 88,4 ц/га болды. Кормовое 98 сортты тары балғын күйінде де, пішен күйінде де пайдалануға ұсынылады. Белок пен клетчатканың үлесі: 12,3 және 20,1 пайыз. Азықтық бірлік көрсеткіші — 0,698 кг/кг.

Сорт 2003 жылдан бастап Қазақстан Республикасының селекциялық жетістіктерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізілген және Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында өндіріске пайдалануға рұқсат берілген. Сорт патенттелген.
скачать dle 12.0
1 264 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх