"Шортандылық 2007" жаздық бидай сорты құрғақшылыққа төзімді


Ұсыныстар / Селекция
Авторлары: А.Т. Бабкенов, Т.В. Шелаева, Ж.К. Кабулова, А.С. Ермилов, Б.К. Қанафин, О.С. Гаас.
Сорт үшінші буыннан жеке сұрыптау арқылы түр ішіндегі гибридтеу әдісімен алынған: 121/86 х Лютесценс 25.

Лютесценс түршесіне жатады. Тиісті күтіп-баптау шараларының жоғары деңгейде жүргізілуін жақсы қабылдайтын сорттар қатарына жатады. Дәні — ашық қызыл, орташа көлемде, жұмыртқа пішіндес (1000 дәннің салмағы — 32-36 г). Сабағының ұзындығы орташа — 80-90 см, іші қуыс болады. Түптену кезеңінде жапырақтары жасыл түсті келеді, ақшыл сұр реңі болмайды. Тік өседі.

Орта мерзімде пісіп-жетілетін сорт, стандартты сорттан өсіп-өну кезеңінің ұзағырақ (1-2 күн) болатындығымен өзгешеленеді. Өсіп-өну кезеңі 88-92 күн мерзімді құрайды.

Сорттың өзіндік сипаттары — көктеп-масақтану кезеңінің ұзақтау (45-50 күн), ал пісіп-жетілу кезеңінің одан әлдеқайда қарқынды (40-42 күн) болатыны. Даму кезеңдерінің барлық сатыларында құрғақшылыққа төзімді келеді, ал бұл мол өнім кепілі болып табылады. Сабағы сынып-жапырылып, дәндері шашылып түсе бермейді, бұл жағынан да төзімді келеді.

Негізгі аурулармен және зиянкестермен зақымдануы — Ақмола 2 стандартты сортының деңгейінде. СҚО-да жүргізілген экологиялық сынақ барысында Шортандылық 2007 сорты 20,7 ц/га өнім берді, бұл Омская 19 стандартты сортынан 2,0 ц/га (10,6 ц/га) көрсеткішке артық.

Астық сапасының көрсеткіштері Ақмола 2 сортының көрсеткіштерімен деңгейлес, дегенмен, кейбір жекелеген көрсеткіштері стандарттан жоғары: ұндық қуаты — 333 е.а., нан көлемі — 765 м/л, ұндық-нандық қасиетіне берілетін жалпы баға — 4,4 балл; стандартты сортта бұл көрсеткіш — 4,3 балл.
скачать dle 12.0
1 630 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх