"Шортандылық 2015" - орта мерзімде пісетін жаздық бидай сорты


Ұсыныстар / Селекция
Авторлары: А.Т. Бабкенов, Т.В. Шелаева, Е.К. Қайыржанов, С.М. Дашкевич, С.А. Бабкенова.
Снегурка және Лютесценс 959 сорттарын гибридтеу әдісімен алынған.

Лютесценс түршесіне жатады. Дәні қызыл, орташа, дөңгелек пішінді (1000 дәннің салмағы — 38-40 г).

Өсіп-өну кезеңі 90 күннен 105 күн аралығындағы уақытқа созылады. Орта мерзімде пісетін сорттар қатарына жатады.

Жауын-шашын айтарлықтай түскен жылдары сорт масақтану—пісіп-жетілу кезеңінде (52-54 күн) баяу өседі.  Даму кезеңдерінің барлық сатыларында құрғақшылыққа төзімді келетіндіктен, мол өнім береді. Оңайлықпен құлап-жапырыла бермейді. Негізгі аурулар және зиянкестермен зақымдануы Ақмола 2 стандартты сорты деңгейінде болады.

Сорт мол өнім беруге қабілетті, байқау мақсатындағы сортсынағы тәлімбағында 25,2 ц/га өнім беріп, Ақмола 2 стандартынан 3,4 ц/га (15,6 пайыз) көрсеткішке асып түсті. Шортандылық 2015 сорты өндірістік сортсынағы кезінде өнімділігі 18,1 ц/га болатын Ақмола 2 стандартынан 5,9 ц/га көрсеткішке артық өнім берді. «Солтүстік Қазақстан ауылшаруашылығы стансасы» ЖШС-ның экологиялық сынағы мәліметтері бойынша, жаңа сорттың өнімділігі — 21,7 ц/га болды, бұл Омская 35 стандартты сортынан 2,0 ц/га көрсеткішке жоғары.

Астық сапасының көрсеткіштері жөнінен жаңа сорт Ақмола 2  сортынан мына көрсеткіштер бойынша озады: белок үлесі — 14,61 пайыз, дән көлемінің салмағы — 800 г/л, шикі ұлпа үлесі — 28,9 пайыз, ұндық-нандық қуаты — 281 е.а.,  ұндық-нандық қасиетіне берілетін жалпы баға — 4,5 балл, тиісінше стандартқа тән көрсеткіштер: 14,07 пайыз, 781 г/л, 28,4 пайыз, 255 е.в., 4,4 балл. Солтүстік облыстарда өсіруге кеңес беріледі.
скачать dle 12.0
1 251 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх