"Дамсинская янтарная" жаздық қатты бидай сорты- «Есіл-Агро» ЖШС-ында өндірістік сынақтан өткен


Ұсыныстар / Селекция
Авторлары: Р.М. Сүлейменов, Р.Н. Оковитая, Г.П. Мамыкина, Н.А. Логунова.
Сорттың алынуы — Tr.Durum x Tr.Aestivum (Дамсинская 90 х Саратовская 210) түраралық гибридтеуін қолданып, кейіннен F6 буынынан жеке сұрыптау жасау әдісімен алынған.

Леукурум түршесіне жатады. Масақтары қылқанды, ақ түсті, дәндері де ақ түсті болып келеді. Далалық экологиялық түрге жатады.
Дәні янтарь түстес сары, ұзынша-сопақ (7-8 мм), ірі (1000 дәннің салмағы, орташа алғанда, 43 г), мөлдір. Дәні шашылып-төгіле бермейді, бұл жағынан төзімді сорт болып табылады. Сабағының ұзындығы орташа — 105-120 см. Түптену кезеңінде жапырақтары — ашық жасыл, ал жалауша жапырақтың астыңғы жағында жұқа ақшыл сұр қабат болады. Тік өседі.

Орта мерзімде пісетін сорттар түріне жатады. Өсіп-өну кезеңі — 85-92 күн. Көктеп шығу кезеңінде дамуы кешеуілдеп жүреді, тармақтануы — 49-50 күнде; сондай-ақ, сорт біркелкі бас тартып, масақтанатынымен, дәндену кезеңінде дәні тұрақты, қарқынды түрде толысып-пісетіндігімен, мол өнім беретіндігімен ерекшеленеді, бұл қасиеттер белгілі бір дәрежеде экологиялық бейімделгіштіктің, мол өнім мен астық сапасының кепілі болмақ. Сорт өсіп-өну кезеңінің қай сатысында болса да, құрғақшылыққа аса төзімді келеді және мол өнім береді. Сабағы құлап-сына бермейді, ал масақтарының басының жапырылу деңгейі — орташа.

Сорт тозаңды қаракүйе мен сабақ және құба зеңдерге жаппай қарсы тұруға төзімді. Швед шыбыны және сабақ бүргесімен зақымдану деңгейі — орташа.

Байқау мақсатындағы сынақ кезінде Даминская 90 сортының стандартпен салыстырғандағы өнімділігі, орташа алғанда, 2,9 ц/га көрсеткішке жоғары болды. Өндірістік сынақ кезінде түсімі 25,5 ц/га болып, стандартпен салыстыра орташа есептегенде, әр гектардан 1,6 ц өнімнен артық берді. Ал Мемлекеттік сортсынағының нәтижесі бойынша, бидайдың қатты сорттары ішінде ең жоғары тұсім берді — 41 ц/га.

Солтүстік Қазақстанда жүргізілген экологиялық сынақта сорт, өнімділігі жағынан, Омская янтарная стандартынан 3,9 ц/га көрсеткішке артық өнім беріп, әр гектардан алынған өнім 25,1 гектарды құрады. Бұл сорттың өнімділік көрсеткіші 17,7-28,8 ц/га аралығында ауытқыған.

«Есіл-Агро» ЖШС-ындағы өндірістік сортсынағында 492 га алқапта түсімділігі 45 ц/га болды. Дәні янтарь түстес сары, мөлдірлігі 96-98 пайыз, дән көлемінің салмағы — 792 г/л, шикі ұлпа үлесі жоғары — 32,9 пайыз, белоктың үлесі — 17,8 пайыз. Макарон өнімінің түсі сарғыш келеді, көлемі жағынан алғанда, макаронның пісіп-даяр болу коэффиценті — 4,3; макаронның нандық-ұндық қасиеті — 4,5 балл.
скачать dle 12.0
1 833 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх