"Корона" - жаздық қатты бидай сорты әлемге танымал


Ұсыныстар / Селекция
Авторлары: Р.М. Сүлейменов, Р.Н. Оковитая, Г.П. Мамыкина, Т.К. Алдажаров.
Харьковская 17 және Алтайка сорттарын қарапайым жұптық будандастыру әдісі арқылы, соңынан F5 буынынан жеке сұрыптау жасай отырып, 1996 жылы алынған. Гордеиформе түршесіне жатады. Масақтары қылқанды, қызыл түсті. Далалық экологиялық түр қатарына жатады.

Дәні янтарь түстес сары, мөлдір, ұзыншалау, көлемі орташа келеді (1000 дана дәннің салмағы, орта есеппен, 40,6 г, 35-43 г аралығында ауытқиды). Оңайлықпен төгіліп-шашылмайды. Сабақтары қатты, серпімді, орташа ұзындықта, сонымен қатар, биік те болады (76-125 см), нығыздалуы әлсіз, масақтар түбінде толық нығыздалады. Дамсинская 90 стандартты сортымен салыстырғанда, 5-7 күнге ертерек пісіп-жетіледі, бұл ауа райына және алдыңғы егілген дақылға байланысты болады.

Көктеу-масақтану кезеңінде дамуы тежеледі, бұл әдеттегі көктемгі-жазғы құрғақшылықтан жақсы өтуге мүмкіндік береді. Сорт топырақтағы және ауадағы құрғақшылыққа төзімді. Құба зеңге төзімді, тозаңды қаракүйемен зақымдануы стандартты сорттан гөрі жоғары, яғни тұқымды дәрілеуді қажет етеді. Сабаққа жасырынғыш зиянкестермен зақымдануы орташа деңгейде. Байқау мақсатындағы сортсынағы тәлімбағында өнім беру көрсеткіші — 26,9 ц/га болды, салыстыру үшін, Дамсинская 90 сортының көрсеткіші — 25,2 ц/га.

Жаңа сорт құлап-жапырылуға қарсы төзімділігінің өте жоғарылығымен ерекшеленеді. Өндірістік сортсынағы кезінде 18,7 ц/га өнім алынған, Дамсинская 90 сортының көрсеткіші — 20,1 ц/га. Павлодар облысы аумағында сорт 21,7 ц/га астық өнімін берді, салыстырар болсақ, Оренбургская 10 сортының көрсеткіші — 16,5 ц/га болған. Стандарт деңгейінде пісіп-жетіледі. Сорттың дәні янтарь тәріздес мөлдір, мөлдірлігі 94-100 пайыз, дән көлемі салмағының көрсеткіші жоғары — 825-830 г/л, күтіп-баптау шаралары жасалғанда, шикі ұлпа сапасы тұрақты қамтылады — орташа алғанда, ШӨИ (шикі ұлпа өзгерісінің индексі) бойынша 70 бірлік. Макаронның түсі стандартты сорт көрсеткішінен жоғары. 2009 жылдан бастап Ақмола және Қарағанды облыстарында пайдалануға рұқсат берілген.
скачать dle 12.0
2 721 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх