«Памяти Раисы» жаздық арпа сорты Шығыс, Орталық, Солтүстік Қазақстанда мол өнім береді


Ұсыныстар / Селекция
Авторлары: Н.А. Кравченко, Н.Н. Слепкова, Г.В. Жлоба, Б.К. Қанафин.
Сорт 4399 Н (КедрхLogra) х Тогузак гибридтік жиынтығынан жеке сұрыптау әдісі арқылы алынған. Медикум түршесіне жатады. Масағы екіқатарлы, жартылай тік, бос, қылқанды, цилиндр пішіндес, жұқа ақшыл сұр қабатты, сәл қызыл-көк реңкі бар сары түсті болады. Дәні сары, үлпек, ірі. 1000 дәннің салмағы — 46,0-60,0 г. Сабағының іші қуыс, берік, қалыңдығы орташа, биіктігі 58-92 см болады. Тік өседі, жапырақтануы орташа деңгейде.

Памяти Раисы жаздық арпа сорты орта мерзімде піседі, өсіп-өну кезеңі — 76-92 күн. Көптеген шаруашылық-құнды қасиеттері бар: құрғақшылыққа төзімді, сонымен қоса, ылғалдандыруды жақсы қабылдайды; қатты қаракүйеге төзімділігі — орташа деңгейде, тозаңды қаракүйеге төзімді.

Орташа өнімділік көрсеткіші 26,9 ц/га болады, стандарттың көрсеткішінен 3,2 ц/га-ға артық. Памяти Раисы сорты өндірістік сортсынағы кезінде өнімділігі 12,0 ц/га болатын Целинный 91 стандартынан 1,2 ц/га-ға артық өнім берді. Қарағанды облысындағы экологиялық сортсынағында өнімділігі 18,3 ц/га болды, бұл Қарағандылық 5 стандартты сортынан 2,3 ц/га көрсеткішке артық. Ақмола облысындағы «Заречный» ЖШС-ындағы өндірістік сортсынағы кезінде Памяти Раисы сортының өнімділігі 11,6 ц/га көрсеткішке жетті, бұл Целинный 91 стандартынан 0,8 ц/га көрсеткішке артық. Сорт төгіліп-шашылып қалмайды. Шығыс, Орталық, Солтүстік Қазақстанда өсіруге ұсынылады.
скачать dle 12.0
1 481 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх