KAZ | RUS | ENG

«Касиб» бұршақ сортының авторлары екі институт ғалымдары

Авторлары: Р.М. Сүлейменов, А.А. Чечерина, И.Ф. Хромцова, А.М. Асанов, Л.В. Омельянюк.
Бұршақ сортын «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС мен Сібір ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты бірлесіп шығарған.

Семинанум түршесіне жатады. Тік өседі, биіктігі 40-90 см аралығында, тармақтану қарқыны орташа. Жапырақ түрі — мұртты, сағақтары жақсы дамыған, ұзындығы мен ені орташа болады. Гүлі ақ түсті. Бұршақтары аршылатын түрге жатады, тік, кей жағдайда сәл бүгіліңкі, бас жағы доғал, 4-5 тұқымды. Тұқымдары сары, дөңгелекше пішінді, тегіс, ашық түсті ұсақ сызықшалары болады. 1000 дәннің салмағы — 248-262 г.

Орта мерзімде пісетін сорт. Өсіп-өну кезеңі — 65-85 күн аралығында. Құлап-жапырылуға, құрғақшылыққа төзімділігі ортадан жоғары. Тіндері тез қатқылданатындықтан, өсімдік битінің зиянкестігіне төзімділігі орташа деңгейде болады. Комбайнмен тікелей жинап алуға жарамды сорт. Сабақтарының мықтылығы себепті, жинап алу оңайға түседі. Тауарлық және ас-дәмдік сапасы жоғары. Азық-түліктік пайдалануға жатады. Дәндегі белок үлесі 24,8-28,9 пайыз, сыртқы қабық салмағының үлесі 8,1 пайыз, дәмдік қасиеттері жақсы.

Байқау мақсатындағы сортсынағы тәлімбағында пар айдалған алқапта астықтық түсімі, орташа, 19,4 ц/га болды, ал Омский неосыпающийся стандартты сортының түсімі — 18,2 ц/га. Ал аңызды алқапта тыңайтқышсыз және аралық өңдеусіз өсірілген жағдайда, өнімділігі орташа алғанда, 8,5 ц/га болды; осы жағдайда жаңа сорт стандартқа қарағанда 10 күн ерте пісіп-жетілген. Солтүстік Қазақстан облысы жағдайындағы станса аралық сортсынағында сорттың астықтық түсімі 20,8 ц/га болды, бұл жағдайдағы Омский неосыпающийся стандартты сортының көрсеткіші — 16,4 ц/га.

Жоғары өнімділігіне, тауарлық және ас-дәмдік сапасының жоғарылығына және қоршаған ортаның залалды әсерлеріне төзімділігіне байланысты, сорт осы дақыл өсірілетін барлық аймақтарда бәсекеге толық жарамды. Құқықтық мәліметтері: 17. 06. 2011 жылғы басымдықтағы №413 патент; тіркелген уақыты — 19.03.2014 ж.; пайдалануға 2014 жылдан бастап рұқсат берілген.

Сорттың арғы тегі: Усач/Тим//ДТМ-2
скачать dle 12.0
17 -рет қаралды

Басқа да


Наверх Наверх