KAZ | RUS | ENG

«Шортандылық 14» тары сорты тұтасып өседі

Сорт авторлары: В.И. Коберницкий, Ю.Ю. Долинный, К.Ж. Баубаева, В.А. Волобаева.
Шортандылық 14 сорты Орловское 42, Саратовское 3 және Саратовское 853 сорттарын будандастыру арқылы алынған. Сангвинеум түршесіне жатады.

Дәндері қызыл, сопақша, ірі, 1000 дәннің салмағы 7-8 г. Сіпсебасы нығыздалған, орташа ұзындықта (22-25 см) болады. Қызыл-көк реңк болмайды. Тұтасып өседі, сабақтары тік, құлап-жапырыла бермейді. Дән көлемінің салмағы көрсеткіші жоғары — 730-752 г/л, сыртқы қабық салмағының үлесі орташа — 15-17 пайыз. Бойы орташа (80-110 см). Пісіп-жетілгенге дейін жапырақтары жасыл реңкте сақталады. Орта мерзімде пісетін сорт (тұқым себілгеннен пісіп-жетілгенге дейін — 80-97 күн). Құрғақшылыққа төзімділігі жоғары.

Жасанды ортада қаракүйемен зақымдануы жоғары. Жарманың алынуы жоғары — 70-80 пайыз. Жармасы сары түсті, көп жағдайда ботқасы дәмді болады. Сынақ жылдарында астықтық өнімділігі стандарттан 10-12,5 пайызға жоғары болды.

Қазақстанның Солтүстік, Орталық және Солтүстік-Шығыс аймақтарында жарма үшін пайдалануға және астық өндірісіне ұсынылады.
скачать dle 12.0
14 -рет қаралды

Басқа да


Наверх Наверх