«Шортандылық 2» қарақұмық сортының дәндері «қанатты»


Ұсыныстар / Селекция
Сорт авторлары: В.И. Коберницкий, Л.А. Коробкина, Э.Я. Струева, А.Г. Мальцева, Л.Ф. Герлинская.
Шортандылық 2 сорты қарақұмықтың Шатиловская 5 және Дамсинка сорттарынан еркін тозаңдандыру арқылы бірнеше мәрте жаппай сұрыптау жасау әдісімен алынған.

Ботаникалық анықтамасы: түр тармағы — вульгаре (vulgare), түрше — alata. Салыстырмалы түрде, биік өсетін (орташа алғанда, 80-110 см) өсімдік. Жапырақтануы жақсы. Сабағы тік, қалыңдығы орташа, тармақтануға бейім, жасыл, жоғары және төменгі бөліктерінде қызыл реңк болады. Сабақтағы түйіншелер саны көп емес, (6-12). Гүлдері ақ түсті, орташа болады. Дәндері «қанатты», жалпылай алғанда, қоңыр түсті, орташа көлемде, 1000 дәннің салмағы — 25-28,4 г. Орташа алғанда, дән көлемінің салмағы көрсеткіші жоғары — 560-610 г/л.

Сыртқы қабық салмағының үлесі, орташа алғанда, 20,0-20,8 пайыз. Төгіліп-шашылуға төзімділігі орта деңгейден жоғары. Орта мерзімде пісетін сорт (тұқым себілгеннен пісіп-жетілгенге дейін — 86-91 күн). Жарманың алынуы — 66-68 пайыз, оңай ұнталады. Ботқасы ашық қоңыр, былжыр емес, дәмдік қасиеттері жоғары. Ботқаға берілетін аспаздық баға 4,0 мен 4,2 балл аралығында.

Сортты Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында өндіріске пайдалануға рұқсат берілген.
скачать dle 12.0
1 587 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх