KAZ | RUS | ENG

Шортандылық 5

Сорт авторлары: В.И. Коберницкий, Ю.Ю. Долинный, К.Ж. Баубаева, В.А. Волобаева.
Шортандылық 5 сорты қарақұмықтың Шортандылық ірідәнді сорты мен 157 желісін гибридтеу барысында тез пісіп-жетілетін, жоғары түсім беретін және ірі дәнді түрлерді бірнеше мәрте жаппай сұрыптау арқылы алынған.

Ботаникалық анықтамасы: түр тармағы — vulgare, түрше — alata. Салыстырмалы түрде, биік өсетін өсімдіктер қатарына жатады (87-102 см). Сабағы жасыл, орташа қалыңдықта, төменгі жағы қызыл түске боялған, басты сабақтағы түйіншелер саны — 5-7. Құлап-жапырылуға төзімділігі жоғары.

Жақсы жапырақтанады. Жапырағы орташа, тегіс. Гүлдері ақ түсті, орташа көлемде болады. 1000 дәннің салмағы — 28,8-31,5 г.
Дән көлемінің салмағы көрсеткіші жоғары — 602-645 г/л аралығында ауытқиды. Сыртқы қабық салмағының үлесі, орташа алғанда, 20,1-21,6 пайыз. Төгіліп-шашылуға төзімділігі орта деңгейден жоғары.

Орта мерзімде пісетін сорт, тұқым себілгеннен шаруашылық қажеттілікке пісіп-жетілгенге дейінгі уақыт — 96-98 күн.
Дәннің тегістелу көрсеткіші орташа — 52-58 пайыз, оңай ұнталады. Дәннің алынуы — 68-69 пайыз. Жармасы ашық күлгін түсті, ботқасы ашық қоңыр болады, ботқаны аспаздық бағалау — 4,1-4,3 балл аралығында.

Астық түсімі жағынан Шортандылық 5 сорты — Шортандылық ірідәнді стандартты сортының деңгейінде, немесе одан 1,0-2,0 центнер аралығында артық өнім береді.

Сорт Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында өндіріске пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктер қатарында ҚР Мемлекеттік тізіліміне енгізілген.
скачать dle 12.0
20 -рет қаралды

Басқа да


Наверх Наверх