Бараев орталығы мен «Атамекен-Агро» компаниясы «Дала күнін» өткізді


Жаңалықтар


А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы мен «Атамекен-Агро» компаниясы бірлесе отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Корнеевка ауылындағы шаруашылықта бірінші рет ғылыми-өндірістік тәжірибелер өткізді. 22 тамызда өткен Дала күні шарасында орталықтың қызметкерлері мен жергілікті диқандардың атқарған қыруар жұмысының нәтижесі көрсетілді.  

Бараев орталығының ғалымдары мен жергілікті диқандар осыған дейін кішкентай жерлерде ғана тәжірибе жүргізген еді. Ал осы жолы 500 гектар жерге жаздық бидайдың әртүрлі түрін егіп, бүгінде мол өнімге қол жеткізіп отыр. Ең жақсы көрсеткіштерді 20-30 мамыр аралығында егілген орташа тұқымдар көрсетті. Жергілікті диқандардың алға қойған мақсаты мен міндеттері ауқымды. Бүгінгі күнге дейін олар гектарына 25 центнерден өнім алса, Бараев орталығының берген ұсыныстарын орындай келе, олар гектарынан 40 центнер өнім жинайтын болады.

Дала күнінде шаруаларға кәдімгі қара топырақтар аймағында жоғары сапалы астық сапасын қамтамасыз ететін жаздық бидайды себудің оңтайлы мезгілін анықтау, жаздық бидайды өсіру кезінде азот пен фосфордың тиімді мөлшерін есептеп шығару, «А.И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС селекциясы мен басқа да ғылыми мекемелер шығарған жаздық бидайының болашағы бар, аудандастырылған сорттарын іріктеп алып, олардың бейімделгіштік қасиеті мен экологиялық тұрақтылығына баға беру, өңделген егістік жерлерге агрохимиялық зерттеулер жүргізу шаралары көрсетілді.

Сонымен қатар шаруалар егістік алқабына азотты тыңайтқыштар сеуіп, бидайдың өнімділігін арттырудың тиімді тәсілін тапты. Басты мақсат – өсімдік шаруашылығын әртараптандырып, сапалы тұқым шығару.

Бұл өз кезегінде ҚР Президенті Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында «5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін кем дегенде 2,5 есе арттыру» тапсырмасын орындауға бағытталған дейді ғалымдар.
скачать dle 12.0
1 309 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх