KAZ | RUS | ENG

АШҒӨО-да "Нақты егіншіліктегі инновациялық технологиялар" конференциясы өтті

Іс-шараға Премьер-министрдің орынбасары - Ауылшаруашылығы министрі Ө.Е. Шөкеев, Премьер-министрдің орынбасары А.К.Жұмағалиев, Парламент депутаттары, облыстық әкімдердің орынбасарлары, салалық одақтар және бизнес өкілдері қатысты. АӨК-ті бүгін цифрландыру - агроөнеркәсіптің ертеңгі қарқынды дамуы. Бұл - Елбасының жыл сайынғы Жолдауында міндеттелген АӨК-тің еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауылшаруашылығы өнімдерін кем дегенде 2.5 есеге арттырудың драйвері.

А.Жұмағалиев өзінің алғысөзінде жаңа технологияларды қолдану және цифрландырудың оң нәтижелерге алып келерін атап өтті. Себебі өнімнің шығындары азайып, тиімділігі арта түседі. Қазіргі кезде елімізде пилоттық режимде смарт фермалар, электрондық карталар мен нақты егіншілік жұмыс істеп жатыр. Алда шығынның 25-30% қысқарып, өнімділік 30-50% артады деген болжам бар.

Цифрландыру аясында А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми- өндірістік орталығының тәжірибелік алқаптарында нақты егіншіліктегі инновациялық технологиялар іске қосылуда. Министрлікпен АӨК дамуындағы барлық бағыттары бойынша құзіретті орталықтарды құру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Университеттер, ҒЗИ және де тәжірибелі шаруашылықтар базасында осы технологияларды тиімді оқыту және тираждау ұйымдастырылатын болады. Нақты егіншілік элементтерін енгізу фермерлерге өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осындай элементтерге алқаптардың электрондық картасы,нақты метеодеректер,сенсорлар мен датчиктер,ғарыштық мониторинг және т.б. шешімдер жатады.

Мұндай технологияларды іске қосу жан-жақты сараланып енгізілген деректердің есебінен тыңайтқыштарды және қорғау құралдарын тиімді пайдалануға, ауылшаруашылығы дақылдарын орташа есеппен 15%-ға жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Премьер-министрдің орынбасары Ө.Е. Шөкеев нақты егіншіліктің бір бөлігі саналатын алқаптардың электрондық картасын құру аясында 23 млн га жер немесе жалпы егіс алқабының 95,9% есептеу жүргізілгенін атап өтті.

2018 жылы операциялардың қауіпсіз өтуі мақсатында "блокчейн"технологиясы енгізілді.
скачать dle 12.0
279 -рет қаралды

Басқа да


Наверх Наверх