Ауыспалы егіс зертханасының тәжірибелік танаптары таныстырылды


Жаңалықтар
А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының Ауыспалы егіс зертханасында биылғы жылы ауқымды жұмыстар атқарылды. Солардың бірі – тәжірибелік танаптарда сынақ қорытындысын шығарып, нәтижесімен таныстыру шарасы.

Қазіргі таңда зертхананың көпжылдық стационарында 3 технология бойынша тәжірибелер жүргізіліп келеді. Тәжірибелік танаптарда дақылдардың 28 түрі егіледі. Оның ішінде дәнді дақылдар (жаздық қатты бидай, жаздық жұмсақ бидай, арпа, сұлы, тары), бұршақ дақылдары (қытай бұршағы, ноқат, ас бұршақ, жасымық), майлы дақылдары (қыша, күбағыс, зығыр, рапс), жарма дақылдары (қарақұмық), мал азығы дақылдары (судан шөбі, еркекшөп, жоңышқа, эспарцет, түйежоңышқа) өсіріледі.

Зертхана меңгерушісі Алдаберген Қияс 1988 жылдан бері бір орында үзіліссіз өсіріліп келе жатқан арпа, 1961 жылдан бері бір орында үзіліссіз өсіріліп келе жатқан бидай танаптарымен таныстырды.

Осыған қоса қазіргі таңда қарқынды дамып жатқан 4-танапты өнімді ауыспалы егістер көрсетілді. «1-ші танаптағы ауыспалы егісте дәнді дақылдардың мөлшері 50 пайыз, майлы және бұршақ дақылдарының үлесі 25 пайыздан құрайды. Осындай құраммен жасалған ауыспалы егістер сынақтан өтіп жатыр. Әзірге нәтижелер көңілге қонарлықтай, осындай буынмен құралған егістерден өндіріс жағдайында мол өнім алуға болады», - дейді А.Қияс.
скачать dle 12.0
1 743 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх