Аграрлық саладағы жаңашылдық шығындарды қаншалықты азайтады


Жаңалықтар
Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз турында А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының директоры Кенже Абдуллаев орталықтың егіс алабында енгізілген жаңа технологиялар мен олардың тиімділігі жайында айтып берді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Біз егіс өнімді болу үшін үш технологиямен жұмыс істейміз, ол - дәнді бүркіп шашу әдісі, бұл дәстүрліге қарағанда 30-40%-ға үнемді, екінші тыңайқыштарды қажетті жерлерге пайдалану, одан 15-20% аралығында шығын азайды, себебі бұрын тыңайтқышты толық көлемде себетінбіз, ал жаңа технология қай жерге азот, қай жерге фосфор жетпейтінін өзі анықтайды, біз сол бойынша қамтамасыз етеміз. Үшінші өнімділіктің артуы, өткен жылы орталық жалпы көлемі 9,2 центнер өнім алды, биыл 20 центнерден аса өнім алуды жоспарлап отырмыз», - деді А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының директоры Кенже Абдуллаев.

Нақты егіншілік элементтері дегеніміз, ол алқаптардың электрондық карталары, нақты метеодеректер, сенсорлар мен датчиктер, ғарыштық мониторинг пен басқа да шешімдер жатады.

Сондай-ақ, орталық басшысы жоғарыда аталған технологияларды пайдалану өнімді артығымен алумен қатар, шығынды азайтынында тілге тиек етті.

«Жалпы, өнімділікті арттыруға ахрохимияны, тұқым шаруашылығын, аграрлық ғылымды жақсарту, технологиялық операциялардың уақтылы іске асырылуы мен сапасы, датчиктерді пайдалану және табиғи факторларды есепке алу есебінен қол жеткізуге болады, бұл шығынды кемінде 25%-ға төмендетуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті К.Абдуллаев.


скачать dle 12.0
1 215 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх