Өмірзақ Шөкеев: Бүгінгі таңда 14 млн тоннадан астам астық жиналды


Жаңалықтар
Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында оның орынбасары Өмірзақ Шөкеев ауа райының жаңбырлы болуы биылғы жылғы егін жинау науқанына біраз кедергі келтіргенін, бірақ осыған қарамастан өңірлерде күшейтілген жұмыс жалғасып жатқанын баяндады.  
«Бүгінгі таңда астықтың 73% - ы яғни 14 млн тоннадан астам астық жиналды. Оның ішінде Қостанай облысы 85%-дан астамын жинап, өткен жылдың көрсеткіштеріне жақындады, Солтүстік Қазақстан облысы - 70,8%. Сондай-ақ, үлгерімдері төмен аймақтарды айта кету керек. Бұл Ақмола облысы-61%, Қарағанды облысы-57%, Павлодар облысы - 58%. Алдағы аптадағы ауа - райының болжамы қолайлы, және менің ойымша, осы үш аймақтың әкімдеріне осындай мүмкіндікті пайдалана отырып, қосымша шаралар қолдану қажет, өйткені егер өнімді жинамасақ, үлкен шығынға ұшыраймыз», - деп хабарлады Ө. Шөкеев.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, астық өнімділігі жалпы жаман емес: қазіргі уақытта диһандар  1 га үшін 13 центнер астық алады.
скачать dle 12.0
1 466 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх