Ауыл шаруашылығы мамандарын жаңа технологиялар бойынша жаппай оқыту керек - Нұрсұлтан Назарбаев


Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арналған биылғы Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды.
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арналған Жолдауында 2022 жылға қарай еңбек өнімділігін ұлғайтып, өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,5 есеге арттыру керек,-деді.

Мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын заманауи агротехнологияларды тартуға бағыттау керек. «Мен арнайы Қазақстанда бар тәжірибелерді қарадым. «БРТ-Милка» ЖШС роботтандырылған жүйелер мен өзге де инновацияларды енгізу арқылы сүт өндірісін 2 есеге көбейткен.

«Атамекен-Агро» технологияларды жетілдіру, өндірісті автоматтандыру жолымен 5 жылда астық түсімін 2,7 есеге арттырған. Биылғы түсім 13 процентке артты. Бұған дейін бір гектардан 32 центнер өнім алып көрмегенбіз. Мұның барлығы ғарышта емес, Қазақстанда болып жатыр.

«Байсерке-Агро» бәрімізге таныс.Темірхан Досмұхамбетов тамшылатып сурау әдісімен жүгері түсімін 3-4 есеге көбейтті. Ол зейнетке кеткен академиктерді шақырды, олардың білімін пайдаланды. Мұндай кәсіпорындар жеткілікті»,- деп атап өтті Президент. Сонымен бірге, Елбасы Сингапурдың шетелдік мамандарды шақыру тәжірибесін мысал ретінде келтірді.

«Солтүстік Қазақстанда «Зенченко» шаруа қожалығы жеміс-жидектен бастап, қарбызға дейін өсіріп отыр. Біздің жеріміз жетеді, мамандарымыз жетеді. Бәрін жасайтын мүмкіндігіміз бар. Ыңғайлы стандартты енгізіп, ауыл шаруашылығы саласындағы шетелдік мамандарды шақыру қажет. Бір кездері Сингапур жапондық зейнеткерлерді өздеріне шақырып, олардың білімін пайдаланған. Ауыл шаруашылығы мамандарын жаңа технологиялар бойынша жаппай оқыту керек. Осы мақсатта және ғылымға жыл сайын 100 млрд теңгеден кем емес қаржы қарастыруды Үкіметке тапсырамын», - деді Н. Назарбаев.
скачать dle 12.0
1 610 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх