Қытайлық «WUDELI» ұн тарту компаниясы өкілдерімен кездесу өтті


Жаңалықтар
А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-да қытайлық «WUDELI» (Вудэли) ұн тарту компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.

Іс-шара аясында орталықтың бас директоры Кенже Абдуллаев пен қытайлық компанияның бас директоры Дань Чжиминь пікір алмасты.
Шетелдік делегация Бараев орталығының жұмысымен танысып, ғалымдар мен қызметкерлер ұжымымен ой бөлісіп, музейге қойылған тарихи экспонаттармен танысты. Кездесу барысында тараптар екіжақты әріптестік орнату жайын да талқылады.

Айта кетейік, Қытайдың «Үздік-500» компаниясының қатарына кіретін «WUDELI» (Вудэли) ұн тарту кәсіпорны тәулігіне 40,050 тонна бидай өңдейді. Қазіргі таңда бұл зауыттың ұн тартатын 78 заманауи цехы бар, ал қызметкерлерінің саны 5 мыңға жуық.

ФОТОРЕПОРТАЖ: http://baraev.kz/media/suret/296
скачать dle 12.0
1 166 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх