Лизиметрлік станция орнатылды


Жаңалықтар
АШҒӨО-ның Ақмола облысы, Астрахан ауданында орналасқан «Фермер 2002» базалық шаруашылығында лизиметрлік станция орнатылды. Бұл А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу орталығы мен Ганновер Университетінің (Германия) экологиялық тұрақты егіншілік бойынша бірлесіп жасаған жобасы.
Ғалымдардың айтуынша станцияның көмегімен шаруалар атмосфералық жауын-шашынның көлемін, өнімділігі мен тиімділігін, осыған қоса ылғалдың балансын есептеп шығара алады. Бұл мәліметтер ауа-райының өзгеруіне байланысты құрғақшылық жағдайында егіншілікті тұрақты жүргізу үшін атмосфералық жауын-шашын суларын тиімді пайдалану бағытында жерсіндіру іс-шараларын жүргізуге көмектеседі. Қондырғыны орнату шарасына өндіруші зауыттың өкілдері мен германиялық университеттің ғалымдары қатысты.

Өте сирек кездесетін осынау ғылыми құрылғы үлкен металл цистерналар нобайында жасалған. Топыраққа жұмыс цилиндрлері мен оншақты электронды датчик орнатылады. Олар топырақтың ылғалдығы мен оның құрғауы бойынша мәліметтерді онлайн түрде жіберіп отырады. Соның негізінде ғалымдар ақпаратты жүйелеп, зерттеп, жауын-шашын қозғалысының кестесін жасайды. Ғалымдар топырақтағы ылғалды бірнеше жыл бойы зерттейді.
Көктемде станция маңайына әртүрлі дақылдар егіледі. Егін орағынан кейін зерттеу жұмыстарының кейбір нәтижелері шығарылады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы дақылдарын қауіпті егіншілік аймағында өсірудің оңтайлы технологиясы дайындалады.
скачать dle 12.0
1 417 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх