АШҒӨО-да өндіріс тиімділігін арттыру және әртараптандыру мәселесіне арналған семинар өтті


Жаңалықтар
А.И.Бараев атындағы АШҒӨО «Нақты егіншілік элементтерін пайдалану арқылы өндіріс тиімділігін арттыру және әртараптандыру» атты семинар өтті.

Іс-шараға ғалымдар, агрономдар, шаруашылық басшылары, кәсіпкерлер мен сарапшылар қатысты. Семинар аясында «Технологиялық процесстерді цифрлау және нақты егіншілік технологиясы негізінде өсімдік шаруашылығындағы өнімділік пен тиімділікті арттыру», «Дәнді және майлы дақылдардың өндірісінде минералды тыңайтқыштар жүйесі», «Агрохимиялық зерттеу, агрохимиялық картограмманың әдістерімен танысу және оларды жасау» сияқты тақырыптар қозғалды.

Жиынға арнайы шақырылған неміс ғалымы Ф.Майдль «Азотпен тыңайтудың талаптары мен алгоритмі» тақырыбында баяндама жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Практикалық сабақтар барысында жиналғандар минералды тыңайтқыштарды дифференциалды себу мен енгізуге арналған ауыл шаруашылығы техникасы және өсімдіктер көрегінің макро және микроэлементтері негізінде қызметтік және фотометриалық экспресс-диагностикасымен танысты.

ФОТОРЕПОРТАЖ: http://baraev.kz/media/suret/317
скачать dle 12.0
1 304 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх