Елбасы егін орағының аяқталуына орай еңбеккерлерге құттықтау жолдады


Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев астық жинау науқанының табысты аяқталуына орай ауылшаруашылық саласының еңбеккерлеріне құттықтау жолдады.

Елбасының құттықтауын «Astana AgroForum-2018» республикалық кеңесінде Премьер Министр Бақытжан Сағынтаев оқып берді.

«Құрметті ауыл еңбеккерлері! Аграрлық сектор дамыған Қазақстан үшін астық жинау науқаны əрдайым маңызды оқиға саналады. Ауа райының қолайсыздығынақа ра мастан биылғы жиналған мол өнім сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен кəсіби біліктіліктеріңіздің нəтижесі.

22 млн тоннадан астам дəнді жəне дəнді-бұршақты дақыл жиналды. Бұл ішкі сұранысты толық қам тамасыз етіп қана қоймай, шетел нарықтарына үлкен көлемде астық пен ұн экспорттауға мүмкіндік береді. Мұндай жоғарғы көрсеткіш Қазақстанның əлемдегі ірі астық өнімдерін өндіруші елдердің бірі екенін тағы да айғақтай түседі.

Мемлекет алдағы уақытта да агроөнеркəсіп кешеніне жанжақты қолдау көрсетіп, заманауи технологияны тартуға, еңбек өнім - ділігін молайтуға, оның жаһан дық бəсекеге қабілеттілігін күшей туге жағдай жасайтын болады. Еліміздің барлық еңбеккерлерін 2018 жылғы егін орағының табыс ты аяқталуымен құттықтаймын!

Қазақстан халқы сіздердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, экономиканың өсуіне жəне еліміздің өркендеуіне қосқан үлестеріңізді жоғары бағалайды», – делінген құттықтауда.
скачать dle 12.0
1 274 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх