KAZ | RUS | ENG

Бараев институтында техникалық реттеу саласында заңнама талаптары түсіндірілді

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы  бойынша департаментінің қызметкерлері «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Іс-шараның мақсаты- техникалық реттеу, метрология, сәйкестікті бағалау аясындағы аккредиттеу заңнамаларын түсіндіру.
А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығының ҒӨО бас директоры Кенже Абдуллаев: «Бұл кездесу өндірістің алға дамуына, техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету Заңнамасы шеңберінде біліктіліктің артуына септігін тигізетіне бек сенімдімін», деді. Сонымен қатар мекеме басшысы ұжым атынан Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы  бойынша департамент қызметкерлеріне алғысын жеткізді.скачать dle 12.0
142 -рет қаралды

Басқа да


Наверх Наверх