KAZ | RUS | ENG

Ауыл кәсіпкерлерін жаппай оқыту жүйесін құру қажет - Алдаберген ҚИЯС

Ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету үшін жаппай оқыту жүйесін қалыптастырған жөн. A.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығындағы ауыспалы егіс зертханасының меңгерушісі Алдаберген Қияс Елбасының Жолдауына қатысты осындай пікір білдірді.
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазан айындағы Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды.

Онда агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керектігі айтылған. Негізгі міндет - еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауылшаруашылық өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есеге арттыру. Мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын елімізге заманауи агротехнологияларды ауқымды түрде тартуға бағыттау қажет. Біз икемді әрі ыңғайлы стандарттарды енгізу және ауыл шаруашылығы саласындағы беделді шетелдік мамандарды - «ақылды адамдарды» тарту арқылы саланы басқарудың үздік тәжірибесін пайдалануымыз керек. Ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету үшін жаппай оқыту жүйесін қалыптастырған жөн», - дейді Алдаберген Қияс.

Сонымен қатар оның айтуынша, Жолдауда Үкіметке алдағы 3 жыл ішінде осы мақсаттарға жыл сайын қосымша кемінде 100 миллиард теңге қарастыру тапсырылды. Алдағы 5 жылда білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу қажеттігі атап өтілді.

«Елбасы Жолдауды жариялап отырған сәтте ауылдың жағдайын бір кісідей білетінін, өйткені өзі де ауылда туып-өскенін риясыз көңілмен, тіпті мақтаныш сезіммен айтқаны барша ауыл тұрғындарының ризашылық сезімін туғызды деп есептеймін. Бұдан ауылға деген қамқорлық пен қолдау ұдайы, үздіксіз бола беретінін, ауыл мәселесі ешқашан тасада қалмайтынын түсінуге болады.Сонымен осы стратегиялық құжат еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналған. А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығындағы ғалымдар ұжымы Мемлекет басшысының халыққа арналған Жолдауын бірауыздан қолдайды және бұл дер кезінде жарияланған құжат болып табылады», - деп түйіндеді сөзін Алдаберген Қияс.

Айта кетейік, А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы ҚР Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы алдағы бес жылда АӨК-дегі еңбек өнімділігін кемінде 2,5 есе арттыру тапсырмасын орындады.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауы нәтижесінде «Орталық базасында нақты егіншіліктің эксперименталды-технологиялық платформасын құру» жобасын іске асыру мақсатында ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын (егіс кешендері, комбайндар және т.б.) сатып алуға жарғылық капитал 1046,8 миллион теңгеге ұлғайтылды.

Осыған байланысты 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде 5 ғылыми жоба дайындалды. Жалпы қаржыландыру сомасы 774,0 миллион теңгені құрайтын үш жоба мақұлданды. Ал 2017 жылы ғылыми жобаларды қаржыландыру 250 миллион теңгені құраған.
«А.И.Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС базасында «нақты егіншілік» элементтерін пайдалана отырып, пилоттық жоба әзірленді және Ақмола облысында 3 мың гектар алаңда нақты егіншілік полигоны құрылды. Онда минералдық тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын саралап енгізудің технологиялық жаңалығы қарастырылған. Соның арқасында қаржы көлемі 20-дан 40 пайызға дейін үнемделеді.

Орталық ғылыми қызметтен басқа, ауыл шаруашылығы дақылдарының бірегей тұқымдарын өндірумен де айналысады. 2017 жылмен салыстырғанда жаздық бидайдың өнімділігі 2,5 есеге артты және ағымдағы жылы шамамен гектарынан 25,5 центнер құрайды.

Елбасы 5 қазанда жариялаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында еліміздегі ауыл шаруашылығы мамандарын жаңа технологиялар бойынша жаппай оқыту керектігін атап өтті.

Сондай-ақ ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға қатысты айта келе, «Ауыл - ел бесігі» атты жобаны жүзеге асыруды ұсынды.

Ал алдағы бес жылда білімге, ғылымға және денсаулық сақтауға арналған шығыстар барлық көздерден елдің жалпы ішкі өнімінің 10 пайызына дейін жеткізілетін болады.
скачать dle 12.0
11 -рет қаралды

Басқа да


Наверх Наверх