Қостанайдағы цифрландырудың жарқын үлгілері


Жаңалықтар
Қостанай облысының аумағында «Нақты егін шаруашылығы жүйесін енгізу» жобасы екі «пилоттық» кәсіпорнында («Садчиковское» ЖШС және «Трояна» ЖШС) енгізілуде.
Тәжірибелік алқаптар картограммасы жасалып, оларға егіс кезінде минералдық тыңайтқыштар сараланып енгізілген. «Қосарлас жүргізу технологияларын енгізу жөніндегі техника паркі жаңғыртылды, жанар-жағармайды есепке алатын және техниканы орнынан ауыстыру есебін жүргізетін датчиктер орнатылды.

Егін шығымдылығының, ылғалдылығының, дән бастырудың онлайн мониторингі жүйесі енгізіле отырып, егін жинау техникасы қайта жарақтандырылды.

Сонымен бірге, қосымша, облыста жануарларды чиптеу және электрондық эпизоотиялық карталарын жасау технологиялары енгізілуде», - деді Архимед Мұхамбетов журналистерге арналған брифинг барысында.

Айта кетейік, Қостанай облысы еліміздегі астықтың жалпы көлемінің 22 пайызын өндіреді.

Сондықтан облыс «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығын цифрландыру бойынша
«Пилоттық жоба» ретінде белгіленген болатын.
скачать dle 12.0
1 041 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх