Агропарктердің табыстары қатардағы ғалымдарға үлестірілді


Жаңалықтар
Аграрлық сала ғалымдары ауыл шаруашылық науқанын қорытындылап, «BuildingKnowledge-basedAgriculture» («Ғылымға негізделген агроөнеркәсіп кешенін құру») республикалық форум аясында ғылымды реформалаудың алдағы қадамдарын талқылады.
«Бізде ғылым бар, ол тәжірибелік нәтижеге жұмыс істей алады. Бірақ біз бүгін оның тиімділігін арттыра алмай отырмыз. Қазіргі кезде ғылым бизнес талаптарына сай емес. Бүгінгі күні ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің тек 8% ғана өндіріске енгізіліп отыр. Кадр проблемалары бар: ғылым ескіріп, әлемдік ғылыми қауымдастық пен ғылыми технологиялардан алшақтап кетті. Жергілікті атқару органдарының мәліметінше АӨК субъектілерің 80% маман талапшылығын сезініп отыр» – деп атап өтті Премьер-Министр.

Осы жағдайларды оңтайлы өзгерту үшін Министрлік бизнес өкілдерімен, білікті ғалымдармен біріге отырып, аграрлық жоғары оқу орындарын әлемдік деңгейдегі замануи университеттерге трансформациялауды көздейтін жаңа бағдарламаны жасап, енгізуде. Бұл бағытта Назарбаев университеті үлгісінде әлемнің жетекші университеттерінің оқыту бағдарламалары мен стандарттары енгізілетін болады. Қазақстандық ғалымдар PhD дәрежесін алу үшін және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу үшін шетелдің жетекші ғылыми орталықтарына оқуға және тәжірибе алмасуға жіберу іске асырылуда.

Қазіргі таңда Министрлік республикамыздың әр аймағында фермерлерге аграрлық қызмет көрсететін, жаңа технологиялар транфертін іске асыратын, озық технологиялармен таныстырып, ауыл шаруашылық құрылымдары мамандарын қайта оқытып, даярлықтан өткізетін агропарктар мен аймақтық орталықтар, жаңа технологияларды ұсынатын көрсетілім алаңдарын ашуда. Білімді таратудың бұл жаңа жүйесі АҚШ тәжірибесі көрсеткендей, аймақтағы орталықтар базасында қажетті технологиялық шешімдерді қабылдауға әрі нақты білімді жеткізу үшін отандық ҒЗИ және ЖОО-лар ғылыми әлеуеті қолданылатын болады.

«Бұл мақсаттарға жету үшін заманауи технологияларды меңгерген, инновацияға бейім, өндірістің жаңа бағыттарын игерген, ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізіп, жаңаша ойлай алатын кәсіби мамандар қажет. Аталған бағыттарды жандандыру мақсатында саланы басқарудың тың әдістерін қолданып, ауыл шаруашылығы бойынша шетелдің білікті мамандарынан тәжірибе алып, озық технологияларын тарту керек», - деп атап өтті Өмірзақ Шөкеев.


Дереккөз: ҚР АШМ баспасөз қызметі
скачать dle 12.0
1 247 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх