АШҒӨО-да ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні атап өтілді


Жаңалықтар
Елімізде ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні ҚР Президентінің 1998 жылғы Жарлығымен бекітіліп, ресми түрде қарашаның үшінші жексенбісінде тойланып келеді. Осыған орай А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-да мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Орталықтың бас директоры Кенже Абдуллаев көктемгі егіс науқаны мен күзгі орақ кезінде елеулі еңбегімен көзге түскен қызметкерлерге алғыс айтып, жоғары жетістіктерімен құттықтады. Сонымен қатар, ол барлық үздік жұмыскерлерге арнайы алғыс хаттары мен құрмет грамоталарын табыстады.

«Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауында 2023 жылға дейін ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігін кемінде 2,5 есе арттыру жөнінде тапсырма берген еді. Айта кетейік, Бараев орталығында 2017 жылмен салыстырғанда жаздық бидайдың өнімділігі 2,5 есеге артты және ағымдағы жылы шамамен 25,5 ц/га құрайды», - деп атап өтті К.Абдуллаев.

А.И.Бараев атындағы АШҒӨО барша ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! Еліміз ауыл шаруашылығы мен басқа да салаларда толассыз табысқа жетсін, мемлекетіміздің алға қойған мақсаттары орындалып, жаңа белестерді бағындыруға күш-қуаты таусылмасын!

ФОТОРЕПОРТАЖ: http://baraev.kz/media/suret/387скачать dle 12.0
1 304 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх