Жөндеу жұмыстары уақытында аяқталады


Жаңалықтар
А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-да орталықтың 13 өндірістік ғимаратында жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Оған ҚР Ауыл шаруашылығы және  ҚР Білім және ғылым министрлігі 300 миллионға жуық қаржы бөлген.
Қазіргі кезде 11 ғимарат жөнделіп бітті, олардың ішінде арнайы қоймалар, гараждар және барлық астық қоймалары бар. Бұл ғимараттардың шатыры жаңаланып, қапталды, осыған қоса қабырғалары сыланды. Гараждардарға жаңа есіктер қойылып, барлық ғимараттардың сырты мен іші жаңартылып жатыр.

Сонымен қатар жертөледе, спорт залда және бас ғимарттың бірінші қабатындағы қызметкерлердің кабинеттерінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Ендігі кезек – екінші және үшінші қабаттағы кабинеттерде.

Орталықтың бас директоры бастаған арнайы құрылған жұмыс тобы күнделікті атқарылып жатқан жұмыстарды қадағалап, бақылап отыр.

Айта кетейік, Бараев орталығының барлық өндірістік ғимараттарында жөндеу жұмыстары 40 жыл уақыт бойы жүргізілмеген.
скачать dle 12.0
2 144 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх