KAZ | RUS | ENG

Алматыда «АӨК-тің тұрақты дамуы» атты халықаралық саммит өтті

Алматыда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Асылжан Мамытбековтың қатысуымен «Қазақстанда АӨК-тің тұрақты дамуы» атты ІІІ Орталық-Азиялық Агротехникалық Саммит аяқталды. Жиын Қазақстанның агроөнеркәсібі кешені саласындағы инновацияларға арналды. Іс-шараның мақсаты – Қазақстандағы АӨК-тың инновациялық, технологиялық және тұрақты дамуына көмектесу.

Саммит жұмысына USDA, FAO, UNESCO, Азиялық Даму Банкі, мемлекеттік ұйымдар, даму институттары, жергілікті атқарушы органдар, салалық бірлестіктер, ЖОО, үлкен агроқұрылымдар мен еліміздегі ауыл шаруашылығы саласының сарапшылары қатысты. Ауқымды іс-шараға А.И.Бараев атындағы АШҒӨО атынан Бас директор Кенже Абдуллаев қатысты.

Саммит аясында агробизнес саласындағы өнімділік пен сатылымдарды арттыруға бағытталған цифрлық шешімдер талқыланды. Ауыл шаруашылығына сөз емес, іс жүзінде енген жаңа технологиялардың нақты мысалдары көрсетілді. Қатысушыларға өнімділікті жаңа деңгейге көтеруге көмектесетін техника мен құрылғылар таныстырылды. Осыған қоса АҚШ, Италия, Нидерланд, Ресей, Украина, Қырғыстаннан келген сарапшылар өз тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шара барысында түрлі панельдік сессиялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Жиында мына тақырыптар көтерілді: агробизнесті қаржыландыру және дамыту, ауыл шаруашылығын цифрландыру, карантинді өсімдіктердің биологиялық бақылауы, өзгермелі климат жағдайындағы өнімділік және нақты егіншілік және т.б.
скачать dle 12.0
39 -рет қаралды

Басқа да


Наверх Наверх