АШҒӨО-да нақты егіншілік жүйесіне арналған семинар өтті


Жаңалықтар
19-22 желтоқсан аралығында А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-да нақты егіншілік жүйесіне арналған ғылыми тренинг өтті. Семинарда Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Агрофизикалық ҒЗИ-дің танымал ғалымдары, а/ш.ғ. докторлары Комаров А.А. пен Якушев В.В. лекция оқыды.

Алғашқы күні ғалымдар өзі қызмет атқаратын зертханасының жаңашыл бағыттарымен таныстыра келе, қазақстандық әріптестерімен тәжірибе бөлісті. Олар келесі тақырыптарды тарқатып, арнайы баяндамалар жасады:

«Нақты егіншілік жүйесін өндіріске енгізу үшін мониторингтік полигондар желісін қалыптастырудың әдіснамалық негіздері»,«Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) деректерін және егістіктің жай-күйін бағалау және өңделетін дақылдарды дамыту үшін ұштасқан жер үсті зерттеулерін пайдалану», «Қазіргі кезеңде нақты егіншілікті дамыту», «Нақты өсімдік шаруашылығы өңделетін дақылдардың өнімділігі мен сапасын басқару құралы ретінде».

Әр лекциядан кейін барлық қатысушылар тақырыптарды талқылап, пікір білдірді. Осыған қоса семинар аясында Бараев орталығының қызметкерлері – Скобликов В.Ф., Заболотских В.В., Акшалов К.А., Кунанбаев К.К., Наздрачев Я.П. пен Филонов В.М. өз ойларын ортаға салды.

Тренингке «Нақты егіншілік» жобасы бойынша «ҚазАШМЭҒЗИ» ЖШС Қостанай филиалының және А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-ның жетекші мамандары қатысып, біліктіліктерін жетілдірді.

Ғылыми семинардың соңында А.И.Бараев атындағы АШҒӨО бас директорының орынбасары Кочоров А.С. сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға және Ресейден келген ғалымдарға алғыс айтты. Абдумамат Сулейманұлы Елбасы Н.Назарбаетың ауыл шуаруашылығы саласына «цифрлық технологияларды» белсенді енгізуге көп мән беріп жатқанын айта келе: «Біз ғалым мен өндірісті біріктіре отырып, инновациялық технологияларды тыңғылықты зертеп, түрлі мәселелерді шешу үшін жұмыс істеуіміз керек», - деді.

Семинардың қорытындысы ретінде қатысушылар бағдарлама жасап, болашақта бірлескен жобаларды ұйымдастыру жолдарын талқылады.
скачать dle 12.0
1 226 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх