АШҒӨО қызметкері Сібір агробиотехнология орталығында ғылыми тағылымдамадан өтті


Жаңалықтар
А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-ның агрохимия және тыңайтқыштар зертханасының меңгерушісі Я.П.Наздрачев Новосибирь қаласындағы «Сібір федералды агробиотехнология ғылыми орталығында» ғылыми тағылымдамадан өтіп келді. Тағылымдама тақырыбы: «Астық дақылдарын дәстүрлі және органикалық егіншілік кезінде дефицитсіз қорекпен қамтамасыз ету үшін тыңайтқыштар жүйесін жасаудағы негізгі принциптер».

Ресей ғылым академиясының құрамындағы Сібір агробиотехнология орталығы астық шаруашылығындағы тыңайтқыштар бойынша зерттеулер жүргізетін Ресейдегі ең беделді әрі танымал ғылыми ордалардың бірі. Онда ұйымдастырылған біліктілікті арттыру курстары аталмыш орталықтың қазіргі заманға сай ғылыми зерттеулері негізінде өтті.

Тағылымдама ғалымдардың тыңайтқыштар жүйесіндегі зерттеу жұмыстарымен танысып, оларды іс жүзінде тиімді қолдануда біліктілікті арттыруға септігін тигізді. Орталығымыздың ғылыми қызметкері астық дақылдарын дәстүрлі және органикалық егіншілік кезінде дефицитсіз қорекпен қамтамасыз ететін тыңайтқыштар жүйесінің бар қыр-сырымен танысты, мол тәжірибеге кенелді. Алдағы уақыттарда ғылыми қызметкер жинақтаған тәжірибе өз жемісін беретіні анық.
скачать dle 12.0
1 084 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх