АШҒӨО ауыл шаруашылығы техникасын жаңартты


Жаңалықтар
А.И.Бараев атындағы АШҒӨО ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауы арқасында өзінің машина-трактор және комбайн паркін жаңартуға және маусымдық жұмыстарға дайындығын реттеуді бастады.

Қазір орталыққа жаңа техника сатып алынды, олардың арасында «John Deere» фирмасының астық жинау комбайны, дестелегіші және дискті терең қопсытқышы бар. Осыған қоса АШҒӨО-ның техникалық паркі ПЗК-30 «Мамонт» атты мобильді астық тазалайтын кешенмен және JCB компаниясы шығарған жүк тиегішімен толықты.

Сатып алынған барлық техника өндіріс өнімділігін арттырып, қойылған мақсаттарды орындауға айтарлықтай септігін тигізеді.
Айта кетейік, осы күндері АШҒӨО-да көктемгі-дала жұмыстарына дайындық қызу жүріп жатыр.

ФОТОРЕПОРТАЖ: http://baraev.kz/media/suret/458


скачать dle 12.0
1 323 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх