KAZ | RUS | ENG

АШҒӨО ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған жабдықтар сатып алды

ҚР АШМ нақты егіншілік жүйесі аясында «Ақмола облысында «демонстрациялық шаруашылықтар (полигондар)» принципі негізінде Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру кезінде нақты егіншілік жүйесінде технологияларды трансферттеу және бейімдеу» жобасын іске асыру шеңберінде, А. И. Бараев атындағы АШҒӨО құнды ғылыми жабдықты, атап айтқанда – 1075 моделі автосамплері бар Scalar San++ автоматты ағынды анализаторын сатып алды.

Бұл анализатор бір мезгілде 540 сынаманың талдауын қамтамасыз етеді. Ол фосфор, азот және калийдің жылжымалы түрлерін анықтау үшін химиялық модульдермен жабдықталған.

Осы жиынтықтағы жабдықтардың Қазақстанда аналогтары жоқ, жабдықтың икемді жүйесі химиялық модульдерді қосымша орнатуға мүмкіндік береді, осылайша жабдықтың мүмкіндігін арттырады. Толық жиынтықта аспап бір уақытта 16 параметрге дейін анализ жасай алады.

Бұл жабдықтың артықшылықтарының бірі- топырақты агрохимиялық талдауда шетелдік және отандық әдістемелерді бір мезгілде пайдалану, мысалы, Мачигин және Олсен әдістері арқылы жылжымалы фосфорды анықтау.

Сондай-ақ, осы жоба шеңберінде Бараев орталығы топырақ сынамаларын автоматты түрде іріктеу үшін УАЗ ПИКАП базасында Wintex 3000 (Дания) автоматты сынама алғыш сатып алды. Ол топырақ сынамаларын жылдам алуға мүмкіндік береді.

Жабдық келесі техникалық сипаттамаларға ие: топырақ сынамаларын іріктеу барысында үш режимде жұмыс істеу қабілеті бар, бірінші режим 0 – ден 30/60 сантиметрге дейінгі тереңдіктен үлгі алуға мүмкіндік береді, екінші режим-үш горизонттан, 0-ден 30 см-ге дейін, және 30, 60 см және 90 см-ден алуға мүмкіндік береді, үшінші режим жеке жүйелеу арқылы жүргізіледі. Жұмыс әр түрлі контейнерлерге сынамаларды орналастыра отырып, бір жұмыс қатарында жүреді. Өйткені ол жылжымалы қоректік элементтер үшін топырақтың ғылыми негізделген жиынтығын қамтамасыз етілуіне сәйкес қажетті.

Сынама алушы нақты егіншілік полигонында қолданылатын болады. Осылайша А. И. Бараев атындағы АШҒӨО топырақ сынамаларын іріктеуде фермерлердің сұраныстарына жауап беріп, ауқымды мәселені шеше алады.
скачать dle 12.0
34 -рет қаралды

Басқа да


Наверх Наверх