KAZ | RUS | ENG

АШҒӨО танымал ғалымдарына авторлық сыйақы табысталды

А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында көп жылдар бойы ғалымдар қызмет етіп, өнімді мол беретін, әр түрлі ауруларға төзімді ауыл шаруашылығы сорттарын жасап шығарды. Қазіргі кезде бұл сорттар Қазақстанның біраз өңірлеріндегі егіс алқаптарына егіледі.

Бүгін Бараев орталығында еліміздің ауыл шаруашылығына елеулі еңбегі сіңген ғалымдарымыз марапатталды. Астық селекциясы саласына қосқан үлесі үшін авторлық сыйақыларды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары табыстады.

Сертификат алған ғылыми қызметкерлеріміз:

Шек Галина – Ақмола 2, Астана 2, Астана жаздық жұмсақ бидай сорттарының авторы;

Оковитая Раиса – Шортанды 95 жетілдірілген жаздық жұмсақ бидай, Дамса кәріптасты жаздық қатты бидай және Бітік сұлы сортының авторы;

Ермилов Александр – Шортанды 95 жетілдірілген, Целина 50 жаздық жұмсақ бидай сорттарының авторы;

Кравченко Николай – Астана 2000, Целина 2005 жаздық арпа және Бітік сұлы сортының авторы.

А.И.Бараев атындағы АШҒӨО ғылыми орталыққа көп жылдар еңбегі сіңген, жоғары кәсібилігімен жетістікке жетіп, еліміздің ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге қосқан үлестері үшін көрнекті ғалымдарға Алғыс айтады!

ФОТОРЕПОРТАЖ:
http://baraev.kz/media/suret/509скачать dle 12.0
95 -рет қаралды

Басқа да


Наверх Наверх