KAZ | RUS | ENG

А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-да «Дала күні-2018» шарасы өтеді

Осыған орай ҚР ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Арман Евниев орталықта жүргізіліп жатқан дайындық барысымен танысты.


А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында тамыз айында еліміздің солтүстігіндегі астықты бес бірдей облыстың фермерлерінің басын қосатын «Дала күні-2018» шарасы өтеді. Осыған орай ҚР ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Арман Евниев аталған орталықта жүргізіліп жатқан дайындық барысымен танысты. АШҒӨО бас директоры Кенже Абдуллаев шараға әзірлік жайын баяндады.

Ғылыми-өндірістік орталықта жұршылық назарына ұсынатын тың дүние аз емес. Мәселен, бүгінгі күні орталықта «Нақты егіншілік» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Аграрлық салаға цифрлық технологияны енгізу арқылы шығынды азайтып, табысты молайтуды көздейтін бұл жоба тиімді жүзеге асса еліміздің диқандары үшін пайдасы ұшан-теңіз болмақ. Қазірдің өзінде нақты егіншілік жүйесінің игілігі мол екені дәлелденіп отыр.

«Елбасы алдымызға ауыл шаруашылығы саласындағы өнімділікті 2,5 есе арттыруды міндет етіп қойғаны белгілі. Агроөнеркәсіп кешеніне жаңа технологияның дендеп енуіне жол ашатын аталған жоба бізді дәл осы межеге жақындата түседі», - деді Арман Евниев.

Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары сонымен қатар, орталықта атқарылып жатқан жұмыстармен де танысты. Орталық ғалымдарының жетістіктері жетерлік. Өндірісте де озық тұр. Осылардың барлығы «Дала күні - 2018» шарасында жұртшылық назарына ұсынылмақ.

скачать dle 12.0
153 -рет қаралды

Басқа да


Наверх Наверх