Бараев орталығына ҚазҚӨжТӨҒЗИ-дің Астанадағы филиалының қызметкерлері іс сапарымен келді


Жаңалықтар
Әріптестік туралы Меморандум аясында А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу орталығына Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының Астанадағы филиалының қызметкерлері іс сапармен келді.

Кездесу аясында келушілерге Бараев орталығындағы зертханалар көрсетіліп, ғылыми ордада іске асып жатқан жобалар таныстырылды.

Іс-шара барысында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оған қос ғылыми орталықтың басшылары мен қызметкерлері қатысты. Жиналғандар екіжақты әріптестіктің ғылыми-өндірістік потенциалына тоқталып, астық өңдеу саласындағы бірлескен жобаларға байланысты жоспарларды талқылады.

ФОТОРЕПОРТАЖ: http://baraev.kz/media/suret/518скачать dle 12.0
1 012 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх