Әріптестіктің тиімді жақтары көп


Жаңалықтар
А. И. Бараев атындағы АШҒӨО-да «Астана» Университетімен және «Kverneland» компаниясымен кездесулер өтті.

Іс-шара аясында Бараев орталығының магистранттары мен докторанттары «Астана» Университетінде білім алу шарттары талқыланды. Жиналғандар қазіргі кезде ауыл шаруашылығына, ғылым және өндіріс саласына жоғары ғылыми дәрежедегі мамандар дайындау мәселесі бар екенін атап өтті.

Сол сияқты Бараев орталығының қызметкерлері ауыл шаруашылығы техникасын құрастыратын, өндіретін және сататын «Kverneland» компаниясының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты әріптестіктің нақты егіншілік саласында жаоқын келешегі бар екені айтылды. Бараев орталығы шетелдік компанияның тракторлар мен ауыл шаруашылығы техникасына арналған электронды басқару жүйесіне қызығушылық танытып отыр.
скачать dle 12.0
1 147 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх