Германиялық «Plantix» ғылыми-зерттеу жобасымен серіктестік


Жаңалықтар
Жиынның тақырыбы «Ауыл шаруашылығы өсімдіктеріндегі ауруларды ерте әрі тез анықтау үшін инновациялық технологияларды пайдалану» болды.



А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталғы  «Plantix» ұялы телефондарына қосымша істеумен айналысатын германиялық ғылыми-зерттеу жобасымен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Жиынның тақырыбы «Ауыл шаруашылығы өсімдіктеріндегі ауруларды ерте әрі тез анықтау үшін инновациялық технологияларды пайдалану» болды.

Семинар барысында «Plantix» ұялы телефондарына арналған қосымшаның жұмыс істеу принциптері көрсетілді. Мысалы, қосымша арқылы ауыл шаруашылығы өсімдіктерінде пайда болған аурудың алғашқы белгілері мен минералдық қоректену элементтерінің азаю себептерін анықтауға болады.

Қосымшаны істеудегі басты мақсат – ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер үшін қолдануға оңай әрі ыңғайлы электрондық анықтама жасап шығару. Оның көмегімен өсімдіктердің ауруы ерте анықталады, осылайша астықты жоғалтып алу қаупі төмендейді.

Жасанды интеллекттің көмегіне сүйенген «Plantix» жалпы ақпараттық желісі сіздің смартфонға түсірілген фотоларды талдауға негізделген. Ол тек диагноз ғана қоймай, аурумен күресудің жолдарын да ұсына алады.  


скачать dle 12.0
1 348 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх