АШҒӨО жаңа селекциялық комбайн сатып алды


Жаңалықтар
Мемлекеттік қолдаудың арқасында А. И. Бараев атындағы АШҒӨО жаңа Wintersteiger Delta селекциялық комбайнын сатып алды. Жаңа техника сынақ жүйектерінен бастап ірі көлемдегі учаскелерді сапалы және таза егін жинауға арналған.

Комбайнды күрделі жағдайларға қарамастан басқару жеңіл әрі ыңғайлы. Бірегей модульдік жүйенің арқасында ол кез келген талаптарға сай.

Сондай-ақ, көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысында орталыққа күрделі жөндеуден кейін КамАЗ, жүк көлігі, кран және жолаушы автобусы келді.

Бұл техника көктемде жұмыс процесін жеделдетуге мүмкіндік беріп, уақыт үнемдеу мен қаражат шығындарын едәуір қысқартуға септігін тигізеді.

ФОТОРЕПОРТАЖ: http://baraev.kz/media/suret/458
скачать dle 12.0
1 189 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх