Қазақстанның солтүстік аймақтарында көктемгі-егіс жұмыстарының басталуы


Жаңалықтар
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде 2019 жылы Қазақстанның солтүстік аймақтарындағы көктемгі дала жұмыстарының басталуына арналған баспасөз конференциясы өтті. Оған АШҒӨО бас директоры Кенже Абдуллаев қатысты. Журналистермен кездесу барысында орталық басшысы Ақмола облысындағы көктемгі-дала жұмыстарының басталуы, АШҒӨО жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ауыл шаруашылығын цифрландыру бағдарламасын жүзеге асыру, ғалымдарға роялти төлеуді қалпына келтіру туралы баяндады.Сонымен қатар БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

«А. И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС жарғылық капиталын ұлғайтып, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру арқасында 2018 жылы жалпы сомасы 823 млн теңгеге 19 дана ауыл шаруашылығы техниксы мен 21 дана арнайы жабдық сатып алынды. Оның ішінде 63 млн теңгеге 6 автокөлік және 432 млн теңгеге 11 трактор, 184 млн теңгеге 2 комбайн және 144 млн теңгеге ауыл шаруашылығы жабдықтары бар.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-тің негізгі бағыттары бойынша 10 және одан да көп жыл жүзеге асатын ұзақ мерзімді салалық бағдарламалар әзірледі. Осыған орай суармалы жерлерді дамыту жөніндегі іс-шаралар Жоспары бекітілді. Бағдарламаның негізгі мақсаты - 3,5 млн га суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда Қазақстанда суармалы жерлердің көлемі 1,4 млн. гектарды құрайды. Жоспарды іске асыру айналымнан шығып қалған, алайда іске жарамды 600 мың га суармалы жерді қалпына келтіруді және жаңа 1,5 млн га жерді іске енгізуді көздейді.

Осылайша 2028 жылға қарай қалпына келтірілетін және жаңадан іске қосылатын суармалы жерлерге байланысты бағдарламаларды іске асыру нәтижесінде суармалы жерлерден түсетін жалпы табыс 3 727 млрд. теңгеге дейін, 1 қызметкерге өндіріс 5,8 млн. теңгеге дейін өсуі көзделіп отыр.

А. И. Бараев атындағы АШҒӨО-да заманауи суару тәсілдерін, суару режимдерін және ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің инновациялық агротехнологияларын енгізіп, алынған тәжірибені ары қарай ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметкерлеріне үйрету және оқыту мақсатында 189 га алаңда суармалы полигон құрылып жатыр.

Нақты егіншілікті енгізу аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі фермалардың 3 деңгейін анықтап берді: цифрлы ферма, озық және базалық. Олар үшін қажетті элементтер жиынтығы да анықталды. Ендігі жұмыс мемлекеттік қолдау арқылы фермердің өз деңгейін арттыруға бағытталатын болады.

Нақты егіншілікті енгізудің қазіргі жай-күйі келесідей: облыстық әкімдіктердің деректері бойынша 114 «озық» шаруашылық пен 10 «цифрлық» ферма бар. Басы жаман емес, алайда әкімдіктер мемлекеттік қолдау шаралары арқылы шаруашылықтарға цифрлық дамытуды одан әрі жетілдіру қажет.

Базалық деңгей барлық егіс алқаптарын цифрлау, сондай-ақ топырақтың агрохимиялық жай-күйі туралы карталарды іске қосу арқасында Е-АӨК бағдарламасы арқылы қамтамасыз етіледі. Енді базалық деңгейден озық және ары қарай цифрлы фермаға көшу қажет. «Цифрлық эволюция» деп аталған тізбек әзірленді және енгізіліп жатыр.

Егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру ауыл шаруашылығын дамытуда стратегиялық маңызы бар. Егістікті пайдалану құрылымында қалыптасқан жағдайға жүргізілген талдау оны облыстың топырақ-климаттық аймақтары бойынша жетілдіру мүмкіндігін көрсетеді.

Алайда Ақмола облысында егіс құрылымында дәнді дақылдар жаздық егістіктің 84 пайызын ын алады. Оның ішінде жаздық бидайдың үлесі 77% құрайды. Егістікті пайдалану құрылымында жарма және күздік дақылдар бар-жоғы 0,2% - ды алады немесе мүлдем жоқ.   
Сондай-ақ егістік құрылымындағы дәнді-бұршақты дақылдар егістігін кеңейтудің оң мәні бар. Дәнді-бұршақты дақылдарың ең өнімдісі – бұршақ. Орташа есеппен 20 жылда таза парда бұршақ тұқымының өнімділігі 15,1 ц/га, ал орылған жерде-14,6 ц/га құрады.

Ауа райы қолайлы солтүстік аудандарда бұршақ өсіру тиімді. Дәнді-бұршақты дақылдардан жақсы нәтижелерді, әсіресе қуаң аудандарда, ноқат көрсетеді. Ноқат-құрғақшылыққа төзімді және жоғары технологиялық дақыл. Ол орақ кезінде жатып немесе шашылып қалмайды. Парда нуттың өнімділігі 12,3 ц/га, ал орылған жерде - 11,2 ц/га құрады.

Соңғы жылдары өндіріс жағдайында жасымық егу кең таралған. Бұрын Қазақстанда жасымық егілмеген және аз зерттелген дақыл болып қала берді. Орта есеппен 12 жыл ішінде дәнді дақылдар арасында жасымықтың өнімділігі 9,6 ц/га құрады.

«Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі № 422-І Заңына сәйкес патент иесі өзінің селекциялық жетістігін пайдалануға, оның ішінде өндіруге немесе ұдайы өндіруге, тұқымдарды көбейту мақсатында егіс кондициясына дейін жеткізуге, сатуға ұсынуға айрықша құқығы бар. Осының негізінде патент иеленуші болып табылмайтын кез келген тұлға селекциялық жетістікті патент иеленушінің рұқсатымен ғана лицензиялық шарт негізінде пайдалануға құқылы (Заңның 18-бабы) деп көрсетілген.

Осыған орай «А.И.Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС заңнамалық деңгейде роялти (лицензиялық сыйақы) жинаумен айналысатын санаулы ғылыми кәсіпорындардың бірі. Соңғы үш жылда кәсіпорын 32 лицензиялық шарт жасасты. Нәтижесінде 2016 жылы-23 млн теңге, 2017 жылы - 47 млн теңге, 2018 жылы-27 млн теңге түсті. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сортты шығаруға қатысқан авторларға түскен роялти сомасының 30 пайызы төленеді. Осылайша 2016 жылы - 7 млн теңге, 2017 жылы – 14 млн теңге, 2018 жылы-8 млн теңге авторлық сыйақы төленді.
скачать dle 12.0
1 390 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх