Облыстық агрокеңес өтті


Жаңалықтар
Бүгін Көкшетау қаласында «2019 жылдың көктемгі егіс жұмыстарын ұйымдастыру және сапалы өткізуге арналған дайындық пен міндеттер туралы» кеңес өтті.

Іс-шарада А. И. Бараев атындағы АШҒӨО бас директоры Кенже Абдуллаев баяндама жасап, сөз сөйледі. Ол жиналғандарға 2019 жылы Ақмола облысындағы көктемгі-егіс жұмыстарына дайындық туралы презентацияны ұсынды.

Сонымен қатар, арнайы көрме аясында Бараев орталығының стендтері қойылып, барлық келушілерге ғылыми орталық туралы ақпарат, оның өнімдері және ұсыныс кітапшалары таныстырылды.

ФОТОРЕПОРТАЖ: http://baraev.kz/media/suret/602скачать dle 12.0
1 099 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх