KAZ | RUS | ENG

Бараев АШҒӨО, ҰАҒБО және Ұлттық биотехнология орталығы консорциум туралы шартқа қол қойды

Құжат негізінде «Халықаралық ғылым орталығы» құрылды.


Ұлттық биотехнология орталығында «Ауыл шаруашылығы ғылымы: кеше, бүгін және ертең» тақырыбында семинар-кеңесі өтті. Шарада Қазақстандағы агроөндірістік кешеннің инновациялық жүйесінің маңызды тақырыптары талқыланды. Тағы бір өзекті тақырып – Халықаралық ғылым орталығын құру мәселесі.

«ҰАҒБО» КеАҚ Басқарма төрағасы Ұлан Тәжібаев семинар кезінде аграрлық ғылымда жұмыс істеудің жаңа моделі дайындалғанын жеткізді. Оның басқару жүйесі бизнес пен инновацияға бағытталады. Бұл модельдің құрамына Халықаралық ғылым орталығы, 3 жетекші аграрлық ЖОО, 3 ғылыми-өндірістік орталық, 13 салалық ҒЗИ, 19 тәжірибелік шаруашылық кіреді. Ғалым және бизнес-менеджердің қызметін анық ажырататын бизнес пен ғылыми-өндірістік процесстердің жаңа менеджмент жүйесі енгізіледі.

А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы және Ұлттық биотехнология орталығының басшылары «Халықаралық ғылым орталығы» консорциумы туралы үшжақты шартқа қол қойды. Орталықтың басты мақсаты – әлемдік деңгейдегі нәтижелерге қол жеткізіп, кейін оларды өндіріске кеңінен енгізу.

Екі күнге созылған семинар-кеңес барысында 2015-2017 жылдардағы ғылыми-зерттеу ұйымдарының жұмысы қорытындыланып, олардың практикалық маңыздылығы талқыланды.

скачать dle 12.0
99 -рет қаралды

Басқа да


Наверх Наверх