Қазақстан Жапонияға мақсары майын жеткізуді бастады


Жаңалықтар
Алғаш партияның көлемі 37,3 тонна.


Қазақстандық «Kaz-Ir AGRO» компаниясы еліміздің тарихында алғаш рет Жапонияға 37,3 тонна көлемінде мақсары майын жөнелтті, деп хабарлайды «Kazakh Export» баспасөз қызметі.

Бұл мақсары өсірумен және салқындай сығылып, тазартылмаған мақсары майын өндірумен айналысатын және осы бағыттағы азық-түлік өнімдерін Жапонияға жеткізген тұңғыш отандық компания.

Жапония технологияны қатаң сақтап, өндірістің сапасын жіті қадағалаумен әлемге әйгілі. Сондықтан қазақстандық экспорттаушы 6 ай бойы сапаны растау, мемлекеттік және халықаралық стандарттарға сәйкестік бойынша зертханалық талдаулардың мұқият тексерісінен өтті.

«Kaz-Ir AGRO» үшін Жапониямен ынтымақтасу – ірі тұтынушылар нарығына шығуға мүмкіндік. Қазіргі уақытта компания мақсары майын Нидерландқа жеткізу бойынша жылдық шартты жасау жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, кәсіпорын 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында экспортқа 400 тонна көлемінде өнім шығарды. Мақсары майы Қытай, Чехия, Жапония, Ресей және Өзбекстан елдеріне экспортталады.
скачать dle 12.0
1 428 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх