KAZ | RUS | ENG

Бараев орталығы НемАО және ҚМТА «Дала күніне» қатысты

Көрменің басты тақырыбы - интеллектуалды агротехнология.


2018 жылдың 9 тамызы күні Зеренді ауданында (Ақмола облысы) НемАО және ҚМТА тәжірибелік-көрмелік егістігінде интеллектуалды агротехнология бағытында «Дала күні» ұйымдастырылды.

Шараға А.И.Бараев атындағы АШҒӨО бас директоры Кенже Абдуллаев бастаған бір топ қызметкер қатысты.

Қатысушыларға Еуропа ауыл шаруашылығы дақылдарын Солтүстік Қазақстанның табиғат жағдайында өсіру нәтижелері таныстырылды. Сонымен қатар, жиналғандарға жетекші еуропалық өндірушілердің ауыл шаруашылығы техникасы егістік жағдайында көрсетілді.

Бараев орталығы аграрлық салаға енгізіліп жатқан цифрлық технологияларға көп көңіл бөледі. Осы орайда көрме аясында цифрлық жүйелеу мен навигациялау бойынша егістіктегі таныстырылымдарды тамашалады.


скачать dle 12.0
111 -рет қаралды

Басқа да


Наверх Наверх