KAZ | RUS | ENG

Американың аграрлық саласының ғалымдары А.Бараев атындағы АШҒӨО келді

 Техас Университетінің (АҚШ) өкілдері А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында болды.
Сапар кезінде аталған делегация А.Бараев атындағы АШҒӨО бас директоры Кенже Абдуллаевпен кездесіп, мал азығын дайындау саласындағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылап, сынақ өткізілетін егіс алқаптарын көрді.
Кездесу кезінде А.Бараев атындағы АШҒӨО бас директоры америкалық әріптестермен аграрлық салада ынтымақтастық орнатудың маңызды екендігін атап өтті. К.Абдуллаев кәсіпорынның негізгі қызметінің бағыттары мен зерттеулердің ғылыми-тәжірибелік нәтижелерімен таныстырды.



Сондай-ақ, делегация мүщелеріне солтүстік Қазақстандағы мал азығы өндірісінің дамуы баяндалып, астық дақылдарының сапасын бағалау қондырғылары мен тәсілдері көрсетілді.
Орталықтың нақты егіншілік полигонын он-лайн режимде басқару процесімен танысқан делегация мүшелері жобаны басқару Орталығының мүмкіндіктерін жоғары бағалады. Жаңа технологияларды пайдалануға негізделген нақты егіншілік жүйесі өнімділікті арттырып, шағынды азайтуға мүмкіндік береді. Аталған жоба процесстерді оңтайландырып, автоматтандырады. Бұл тиімділік пен өнім сапасының артуына жол ашады.
2018 жылдан бері А.Бараев атындағы АШҒӨО-нда өндіріске ақылды технологиялар мен цифрландыруды енгізуді қарастыратын нақты егіншілік жобасы іске асырылып келеді. Бұл – егін түсімінің 2,5 есе артуына мүмкіндік берді.
скачать dle 12.0
36 -рет қаралды

Басқа да


Добавить комментарий

Кодты жаңалау үшін егер ол дұрыс көрінбей тұрса суреттің үстінен шертіңіз

Наверх Наверх